Родри «Алтын доп» иегері атанды

Сарапшылар бастапқыда бұл сыйлықты бразилиялық футболшы алады деп топшылаған.

Сабина Асқарқызы

  • 29.10.2024

Испания құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Родри 2024 жыл қорытындысы бойынша «Алтын доп» иегері атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Париждегі Шатле театрында өткен марапаттау рәсімінде әлемнің ең үздік футболшыларымен қатар ең үздік бапкер, ең үздік қақпашы, ең үздік жас футболшы және ең үздік әйел футболшы да анықталды.

Негізі сарапшылар бастапқыда бразилиялық Винисиус Джуниор жылдың басты сыйлығын алады деп болжаған, алайда бұл сыйлық испаниялыққа бұйырды.

Родриден бөлек үздік атағын алғандар:

Ламин Ямаль әлемнің үздік жас ойыншысы ретінде «Копа Трофейін» иеленді.

«Барселона» - 2024 жылдың үздік әйелдер клубы.

«Реал Мадрид» - 2024 жылдың ең үздік клубы.

Харри Кейн мен Килиан Мбаппе жылдың үздік шабуылшылары ретінде «Герд Мюллер» трофейіне ие болды.

Эмилиано Мартинес - «Лев Яшин» жүлдесін жеңіп алды (жылдың үздік қақпашысы).

Карло Анчелотти 2024 жылдың ең үздік бапкері атанды.

Айтана Бонмати әйелдер арасындағы «Алтын доп» иегері атанды.

Байланысты жаналықтар

«Өзбек тілін меңгеруіме тура келеді». Гуардиола Құсановтың алғашқы ойынына пікір білдірді

26.01.2025

Ресми: Абдукодир Хусанов - "Манчестер Сити" ойыншысы

21.01.2025
MalimBlocks
«Өзбек тілін меңгеруіме тура келеді». Гуардиола Құсановтың алғашқы ойынына пікір білдірді

Өзбекстандық футболшының алғашқы ойыны сәтсіз өтті

Ресми: Абдукодир Хусанов - "Манчестер Сити" ойыншысы

Ол 45-нөмірмен ойнайды