Паралимпиада-2024: 2 қыркүйекке арналған жарыс кестесі
Бүгін отырып ойнаудан волейбол құрамасына жанкүйек боламыз.
Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 2 қыркүйекте қазақстандық спортшылар бір жарыс түрінен ғана бақ сынайды, деп хабарлайды Malim.kz.
Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шығу үшін күш сынасады.
Матчтың басталу уақыты Астана уақытымен көрсетілген.
15:00. Отырып ойнайтын волейбол.
Ерлер, алдын ала раунд, А тобы. Үшінші тур.
Қазақстан – Мысыр Босния мен Герцеговина екі турдан кейін максималды алты ұпай жинап, жартылай финалға жолдама алды. Мысыр мен Қазақстанда үш ұпайдан бар: қос құрама кездесуінің жеңімпазы плей-офф кезеңіне өтеді, жеңілгені бесінші орын үшін таласады.
В тобынан Германия мен Иран жартылай финалға ерте жолдама алды. А квартетінде өнер көрсететін Украина мен Бразилия, сондай-ақ Франция құрамалары жарыс жолынан шығып қалды.
Фото: t.me/mediaparis2024