Паралимпиада: Қазақстан құрамасы 34-орынға көтерілді

5 қыркүйекте Қазақстан екі медаль алды.

Сабина Асқарқызы

  • 06.09.2024

Парижде өтіп жатқан ХVII Паралимпиада ойындарының аяқталуына аз қалды. Осы орайда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Malim.kz.

5 қыркүйекте қоржынымызға Ақмарал Науатбек (алтын) пен жүзуші Нұрдәулет Жұмағали (күміс) медаль салды.

Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан құрамасы 34-орынға көтерілді.

Ұлттық құрамамыз бұл ойындарда барлығы бес медаль еншіледі. Мұның алдында пауэрлифтер Давид Дягтерев топ жарған.

Сонымен қатар Дастан Мұқашбеков қола медаль алса, 31 тамызда мерген Еркін Ғаббасов елімізге күміс медаль сыйлаған. 

Ал көш басында дәл қазір Қытай тұр. Аспанасты елінің өкілдері барлығы 166 медаль, оның ішінде 74 алтын, 55 күміс және 37 қола еншілеген.

Фото: t.me/mediaparis2024

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

19.04.2025

Игита мен Дуглас жоқ. Қазақстан Еуро іріктеуіне қатысатын құрамды жариялады

03.03.2025

Қазақстан 2026 жылғы Олимпиада ойындарына шақырту алды

19.02.2025

Футбол: Қазақстан Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізбекші

14.02.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

Қыздардан Бақнұр Әбдешова (41 кг), Зере Талғатқызы (44 кг), Қаншайым Тұрдыбай (54 кг), Аружан Дауымбаева (65 кг) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды

Игита мен Дуглас жоқ. Қазақстан Еуро іріктеуіне қатысатын құрамды жариялады

Қазақстан 2026 жылғы Олимпиада ойындарына шақырту алды

Футбол: Қазақстан Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізбекші