Паралимпиада алауы француз спортшыларына табыс етілді

Сток Мандевилл ауылынан шыққан алау ұстаушылар француз әріптестерімен жарты жолда кездесті

Malim Админ

  • 26.08.2024

Британдықтар табыстаған екі алауды олар Франция қалаларымен алып өтеді. Бұл туралы Еuronews жазды.  

Сток Мандевилл ауылынан шыққан алау ұстаушылар француз әріптестерімен жарты жолда кездесті. Олардың арасында паралимпиада қозғалысының және алғашқы паралимпиада ойындарының негізін қалаушы Людвиг Гуттманның шөбересі Лора Миллс бар.

Қале коммунасындағы туннельдің шығысында тағы 11 алау жағылды. Француздарды барынша паралимпиаданың алау жағу эстафетасына тарту және мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне жұртшылық назарын аудару мақсатында алау жағушылар Франция қалаларын аралап өтті.

Бұл рәсім 28 тамыз күні Парижде аяқталады. Дәл осы күні Паралимпиаданың негізгі алауы жағылады. Спорттық жарыстар 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстан паралимпиадашылары Паралимпиада ойындарына сегізінші рет қатысады. 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін біздің спортшылар Жазғы Паралимпиада ойындарында 7 медаль (2 алтын, 4 күміс және 1 қола) жеңіп алды. Бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылы өтетін XVII жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан құрамасының мүшелерімен кездесіп, мемлекеттік туды табыстап, сәттілік тілеген болатын.

XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын паралимпиадашылардың алғашқы легі Парижге аттанды.

Фото: sport.24tv.ua

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады