Париж-2024: Қазақстан медальдар кестесінде тағы 4 орынға төмендеді

Олимпиада қожайыны – Франция құрамасы әзірге 4-орында келеді

Арман Қайыпхан

  • 09.08.2024

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде алғашқы 30 елдің қатарынан шығып қалды, деп хабарлады Malim.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, ел құрамасы дәл қазіргі есеп бойынша жалпы медальдар кестесінде 34-орынға сырғыды. Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.

Ал жалпы есепте бүгін АҚШ құрамасын қытайлықтар басып озып, көш басына шықты. Қытайлардың еншісінде әзірге 32 алтын, 25 күміс, 20 қола медаль бар. Ал АҚШ құрамасы олардан 2 алтынға кем. Олардың еншісінде 30 алтын, 38 күміс, 36 қола медаль бар.

Үздік үштікті әзірге Аустралия құрамасы түйіндеп тұр. Оларда 18 алтын, 15 күміс, 14 қола медаль бар.

Жарыстар әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі медальдар кестесі әлі де өзгеруі мүмкін. Ал Олимпиада қожайыны – Франция құрамасы әзірге 4-орында келеді. Олардың еншісінде 14 алтын, 19 күміс, 22 қола медаль бар.

Жалпы Олимпиада алтынына 54, күміске 71, ал қолаға 80 ел қол жеткізді.

Еске сала кетсек, бұл XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда аяқталады. Оған әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Фото: ҰОК/ Сали Сабиров

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды