Парижде Паралимпиада басталды: бүгін жарыс жолына шығатындар

Парижде 17-ші жазғы Паралимпиаданың шымылдығы ресми түрде түрілді. Салтанатты іс-шара Францияның Келісім алаңында өтті. Ашылу салтанатында Қазақстан туын волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуден Севда Алиева ұстап шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сабина Асқарқызы

  • 29.08.2024

Жазғы Паралимпиада бәсекесі Франция астанасында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа 4400-ден астам спортшы қатысады. Оларға 2500 адам көмектеседі. Сайыс бағдарламасына 22 спорт түрі мен 549 дисциплина енген. Ал ойындар 11 күнге жалғасады. Биылғы бағдарламаға жаңа спорт түрлері қосылмаған. Алайда Токио-2020 ойындарының бағдарламасына енген пара бадминтон қайта ұсынылып отыр.

Париждегі Паралимпиадаға Қазақстан құрамасынан 44 спортшы сынға түседі. Бұл – ел тарихындағы рекордты көрсеткіш. Токио-2020 ойындарында ел намысын 26 спортшы қорғаған болатын. Ел спортшылары ойындарға 1996 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.

Биылғы Паралимпиадада Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 9 спорт түрінен (пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара таэквондо, пара жеңіл атлетика, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара каноэ және волейболды отырып ойнау) сынға түседі. Осы жылы қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінен және әйелдер арасында пара каноэден алғаш рет Паралимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Бүгін жарыс жолына шығатындар:

Пара таеквондо. Әйелдер, 52 кг дейін.

1/8 финал. Милана Красавцева (Қазақстан) — Элизабет Джералдо Диас (Доминикан Республикасы)

23:00. Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер, алдын ала тур, А тобы

Франция — Қазақстан.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды