Путинцева Бирмингемдегі турнирде топ жарды
Бұл оның көгалдағы алғашқы жеңісі
Юлия Путинцева Бирмингемде (Ұлыбритания) өткен WTA-250 санатындағы көгалдағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәлімдеуінше, финалда отандасымыз австралиялық Айла Томляновичті (190 WTA) 6:1, 7:6 (10:8) есебімен ұтты.
Екінші сетте 3:5 есебімен оралған Юлия екі сет ұпайын да сақтап қалды.
Путинцева үшін Бирмингемдегі титул оның карьерасындағы үшінші, ал көгалдағы турнирде бірінші титулы болды.
Дүйсенбі, 24 маусымда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жеті сатыға көтеріліп, 34-ші орынға орнығады.
Фото: ҚТФ