«Қайрат» футбол клубы суперкубокты жеңіп алды

Айта кетейік, "Қайрат" үшін бұл тарихтағы үшінші Қазақстан Суперкубогы

Malim Админ

  • 22.02.2025

22 ақпанда Астанада Қазақстан Суперкубогы үшін ойын өтіп, "Қайрат" пен "Ақтөбе" құрамалары кездесті. Бұл жекпе-жек елде жаңа маусымды ашты,-деп хабарлайды Malim.kz. 


Бірінші тайм 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал кездесудің 58-минутында бразилиялық легионер Қайрат Элдер Сантана командасын алға шығарды. Одан кейін 62-минутта Еркін Тапалов алаңнан қуылып, алматылықтар бір адамға кем қалып ойынды жалғастырды. Бірақ бұл жағдайдың өзінде "Қайрат" "Ақтөбе" қақпасына тағы бір гол соқты. Мұны Беларусь жартылай қорғаушысы Валерий Громыко жасады.

Осылайша "Қайрат" кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды!

Айта кетейік, "Қайраттың" жас таланты, мансабын Лондонның "Челсиінде" жалғастыратын Дастан Сәтпаев екінші таймда қосалқы құрамнае шығып, жеңісті кездесуге қатысты.

Қазақстан Суперкубогы үшін матч

Қайрат - Ақтөбе - 2:0 (0:0)

Гол: Сантана, 58, Громыко, 86.

Қызыл қағаз: Тапалов, 62 (Қайрат).

Айта кетейік, "Қайрат" үшін бұл тарихтағы үшінші Қазақстан Суперкубогы. Бұған дейін бұл атақты алматылық команда 2016 және 2017 жылдары жеңіп алған болатын.

Рекорд – 6 Суперкубок жүлдесін жеңіп алған "Астанаға" тиесілі.

Фото: qfl.kz   

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды