Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан жарыстың екінші күнінде екі қола еншіледі

Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге бір алтын және үш қола медаль бар.

  • 11.05.2024

Қазақстан құрамасы дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 әлемдік додасының екінші күнін екі қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерлер арасында Бақытжан Әбдірахманов (-73 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (81 кг) ел қоржынына екі қола жүлдені салды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштікке енген Абылайхан Қазақстан дзюдо федерациясына берген сұхбатында жарыстағы жанкүйер қолдауы ерекше екенін тілге тиек етті.

Барша Қазақ еліне қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін. Бүгінгі қола жүлде осындай қолдаудың арқасында деп ойлаймын. Әрине, бұдан да жоғары жетісікке қол жеткіземіз деп жоспарладық, алайда қола бұйырды.

Бүгінгі жарысқа келер болсақ, шынымды айтсам, нағыз бабымда болдым деп айта алмаймын, бірақ бар күшімді салдым. Ең қиын белдесулерім жапон балуаны, төрт дүркін Grand Slam чемпионы Фудзивара Сотаро және Олимпиада чемпионы Хасан Халмурзаевпен болды. Бірақ амалын тауып, жеңіске жеттім, - деді Абылайхан Жұбаназар.

Бүгінгі күннің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 қола жүлдемен жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Жарыстағы алғашқы бестіктің тізімі мынадай:

Италия (1 алтын, 1 күміс, 2 қола)

Хорватия (1 алтын, 1 күміс)

Қазақстан (1 алтын, 3 қола)

Өзбекстан (1 алтын)

Португалия (1 алтын)

Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күнінде Ғалия Тынбаева алтын, Елдос Сметов қола жүлде еншілеген болатын.

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыс 12 мамырға дейін жалғасады.

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды