Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл қатарынан 12-жеңісіне қол жеткізді
Ол жалпы топты бастап тұр
Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл Жапонияда өтіп жатқан Император кубогінде 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Сөйтіп, жалпы тізімдегі лидерлік позициясын жалғастырды, деп хабарлайды, Malim.kz.
Tachiai.org жазуынша, Кинбозан Харуки есімімен шығып жүрген жерлесіміз кезекті жекпе-жегінде ол Кирисима Тэуцоны (10-4) жеңіп, юсёға (чемпиондық титулға) деген ұмтылысын тағы да көрсетті.
Кирисима ішкі позицияны күшпен алып, Кинбозанның әдеттегі итеру және шабуылдау стилін бейтараптандырды. Ол сол қолымен белдіктен ұстаған сыртқы позициядан уватенаге әдісін жасауға тырысты. Алайда, Кинбозан тепе-теңдігін сақтап, оң қолымен күшті қарсы лақтыру әдісін (сукуинаге) жасады. Кинбозан оң қолымен Кирисиманың белдігінен ұстаған еді, бірақ Кирисиманың уватенаге жасау талпынысы Кинбозанның қолын белдіктен ажыратып жіберді. Дегенмен, бұл Кинбозанға Кирисиманың иығының астынан ұстауға мүмкіндік берді, деп жазды сайт.
Екі палуан да керемет өнер көрсеткен, бірақ Кинбозан ақ жұлдызды (жеңісті) алып, көшбасшылығын сақтап қалған.
Кирисима Кинбозаннан жеңіліс тапқаннан кейін юсё жарысынан шығып қалды. Енді көшбасшы Кинбозан және оның соңынан қуып келе жатқан тек Хошорю мен Охо ғана қалды.
Фото: видеодан скриншот