Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл Жапонияда тарихи жүлде алды

Арман Қайыпхан

  • 27.01.2025

Қазақстандық кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұл Жапонияда өткен Хацу бащё – 2025 кубогінде үшінші орынға ие болып, ел тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізді, деп жазады Malim.kz.

Ол кәсіби сумода осындай жетістікке жеткен алғашқы қазақ спортшысы. Оның спорттағы лақап аты – Кинбозан Харуки. 

15 күнге созылған турнирде Кинбозан Харуки қарсыластарын 13 рет жеңіп, 2 рет жеңілді. Ақтық кезеңге үш балуан – қазақ Кинбозан Харуки, моңғол Хошорю Томокацу және жапон Охо Коносукэ бірдей нәтижемен шықты. Чемпионды анықтау үшін қосымша раунд ұйымдастырылды. Бұл раундта жерлесіміз қарсыластарына есе жіберіп, үшінші орынға табан тіреді. Моңғол балуаны Хошорю Томокацу чемпион атанды.

Ел арасында Император кубогі атанып кеткен жарыста үздік үштіктен көрінгені үшін Ерсін Балтағұл  жеңіске деген жігері үшін кантосе жүлдесін және 12,8 мың доллар алады. Сондай-ақ, оның сумодағы рейтингі жоғарылайтын болады. Қандай дәреже берілетінін алдағы уақытта Жапония сумо федерациясы хабарлайды.

Айта кетейік, Ерсін Балтағұл – Алматы қаласының тумасы. Жасы 27-де. Бұған дейін Ерсін дзюдомен және қазақ күресімен айналысқан. 18 жасында моңғолдан шыққан атақты сумошы Асашери Акиноридің (шын есімі Долгорсурэнгийн Дагвадорж) ұсынысымен Жапониядағы орта мектепке ауысып, сумо күресінен әуесқойлар жарысына қатыса бастады. Кейін Нихон университетіне түсіп, студенттік сумо клубына қосылды.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды