457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚПЛ: «Астана» сырт алаңда «Ақтөбеден» басым түсті

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 13-туры аяқталды.

Аталған турдағы негізгі ойын «Ақтөбе» мен «Астана» арасында өтті. Турнир кестесінде қатар келе жатқан қос команда жеңіске жетуге тырысты. Тартысқа толы кездесуде қарсыластар бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. 

Ойынның 84-минутында Назми Грипши мүлтіксіз орындаған пенальти «Астанаға» жеңіс алып келді. 

Осылайша елордалық команда қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 33 ұпаймен жеке-дара көш бастады.

Сондай-ақ тағы бір ойында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Еске салсақ, қостанайлық «Тобыл» Талдықорғанның «Жетісуынан», семейлік «Елімай» Түркістанның «Тұранынан» 2:1 есебімен басым түсті.

Аталған турда көкшетаулық «Оқжетпес» Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:1 есебімен жеңіліп қалса, алматылық «Қайрат» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0, «Жеңіс» «Атырауды» 2:0 есебімен жеңді.

Енді алдағы тур ойындары 28 және 29 маусым күндері өткізіледі.

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы