ҚПЛ: «Қайрат» екінші ойын қатарынан жеңіс тұғырынан көрінді

Алматылық клуб үшінші турда сырт алаңда түркістандық «Тұран» командасымен кездесті

Malim Админ

  • 30.03.2025

Алматылық «Қайрат» футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында екінші ойын қатарынан жеңіске жетті.


Алматылық клуб үшінші турда сырт алаңда түркістандық «Тұран» командасымен кездесті. Биыл бас жүлдеге қол созуды қалайтын «Қайрат» бұл ойында тәжірибелі футболшыларға сенім артты.

Ойын барысында олардың қатарынан Георги Зариа 33-минутта есеп ашса, түркістандық клубтан Игорь Стасевич 54-минутта таразы басын теңестірді.

Ал 75-минутта алматылық клубтан Жоржиньо жеңіс голып соғып кетті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, көш басындағы орнын сақтап қалды.

Аталған турдағы тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Бүгін «Атырау» мен «Ақтөбе», «Астана» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Жеңіс» (Астана) командалары шеберлік байқасады.

Фото: sports.kz