Роналду пенальтиден гол сала алмаса да, Португалия ширек финалға өтті

Оның соққысын словениялық қақпашы Ян Облак қайтарды.

Сабина Асқарқызы

  • 02.07.2024

Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Португалия мен Словения құрамалары арасындағы текетірес жанкүйердің біраз жүйкесін жұқартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Пенальти сериясында португалиялықтар жеңіске жетіп, (3:0) ширек финалдың жолдамасына иелік етті.

Бұған дейін бір де бір ойында мергендігімен көзге түсе алмай жүрген Криштиану Роналду бұл жолы да еншісіне гол жаза алмады. Негізгі уақытта есеп ашылмағандықтан, матч экстра-таймда жалғасты. Ал 105-минутта Роналду пенальтиден гол сала алмады, оның соққысын словениялық қақпашы Ян Облак қайтарды.

Пенальти сериясында Португалия құрамасының ойыншысы Бернарду Силваның голы шешуші рөл атқарды. Бұл кездесудің басты қаһарманы – Диогу Кошта.

Португалия қақпашысы пенальтиде словениялық ойыншылардың үш соққысын қайтарды.

Енді португалиялықтар 5-інен 6 шілдеге қараған түні Франция құрамасымен кездеседі.

Еуро-2024 топтық кезеңінде Португалия құрамасы алты ұпай еншілеп, F тобында көш бастады. Франция D тобында бес ұпаймен екінші орынға ие болған.

Фото: instagram.com/euro2024

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады