Рухани жаңғыру ғылымнан басталады

Malim Админ

  • 02.07.2021

Әлемдік экономикаға жаңа жаһандық талаптар енгізуге мәбжүр еткен COVID 2019 пандемиясы сыртқы экономикалық байланыстар мен технологиялық сабақтастықты қиындыққа тіреді. Осы кезеңде «еститін мемлекет»концепциясына өткен Казақстанға экономика мен қоғамның күрделі, принципті мәселелерін шешіп, тұрақты дамуға әкелетін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар аса қажет. Саяси-әлеуметтік тұрақтылық үшін, мемлекет негізін берік ұстау үшін, қазақ тілі мен әдебиетінің дамуы үшін, әр азаматтың тұлғалық болмысын қалыптастыру үшін гуманитарлық ғылымдарды қолға алу бұрынғыдан да маңыздырақ болып отыр.

Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың маңызы қазіргі геосаяси жағдайдағы перманенттік әскерилер мен этникалық, мемлекеттер арасындағы конфликт кезінде, Еуразия кеңістігіндегі шешілмеген шекаралық дау уақытында одан әрі артты. Бұл ғылымдар арқылы сұрақтарымыздың ғылымы негізі бар жауабын табамыз және мемлекетіміздің тұтастығын сақтаймыз. Демек, қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар ең алдымын байтақ еліміздің тәуелсіздігі үшін керек.

Бұл ғылымдарға не үшін қазір мән берген дұрыс? Себебі қалыптасып отырған жағдайға кез келген босаңдық басқа ғылымдардың, мәдениеттердің, білімдердің дамуына жол ашады. Олар біздің қоғамға кері әсер етумі мүмкі. Ол дәстүрлі емес діни ағымдар, параллель билік (қылмыстық топтар) пен террористік  топтар болуы ықтимал.

Әлеуметтік қысымның күшейіп бара жатқанын айту үшін, билік пен халықтың байланысын күшейту үшін ұлттық иннтелегенция ресурсы мықты болу қажет. Ғылым, шығармашылық адамдары қоғамдағы байланысты күшейтеді.

Қазір әлемдік ғылымдағ ытендецияларға байланысты зерттеулерде дифференция мен фрагментациясы үрдісі күшейген. Жаңа пәндік бағыттар мен ғылыми салалар, жаңа мәселелер туындап отыр. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – қоғамдық, экономикалық табыстарға жетуіне осы ғылым негіз болады.

 

Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдарда кадр потенциалын көтерудегі негізгі мәселелер

Ғылымның мемлекеттік секторында тұрақты жұмысқа кепілдік жоқ, тұрақсыздық бар. Жоғары квалификациялы кадрлар аз. Аға буын қартайды, көбі бақиға кетті. Ұрпақ сабақтастығы үзіліп бара жатыр. Ғылыми карьераны жоспарлау қиын, елестету мүмкін емес. Ғылыми жұмыстың қадірі кетті, бағасы жоқ. Жалақылары төмен, карьералық өсу жоқ.

Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың зерттеушілері 1990 жылдан бері қарай екі есеге азайған.

Ғылым докторларының жасы үлкен, 63 жастан асқан адамдар 77 пайыз. Ал жастардың арасында ғылыми дәреже алғандар тым аз, 15 пайыздан да аспайды.

Егер жағдайды өсгертпесек, 10 жылдан кейін Қазақстан ғылымында ауыр жағдай болады. 35-44 жастағы ғалымдарды таппайтын боласыз. Жоғары білікті мамандар, ғалымдар азая беретінін ойлауымыз керек. Ол он жылда тағы 25 пайызға азаяды.

Ғылыми кадрларды дайындау

Ғылыми кадрлу даярлаудың өз мәселесі де, машақаты да бар. Ғылыми-зерттеу институттарының қазіргі магистратура мен докторантурасы жоғары оқу орнынан кейінгі бөлімдерге бағынады. Олар сабақ беру үшін кең профильді білім алады. Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың көп мамандығы ғылыми кадр даярлауда ескерусіз қалады. Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің терең, сапалы болуы үшін жоғары квалификациялы мамандарды барлық мамандық бойынша молынан әзірлеу керек. Бұндай мүмкіндік тек ғылыми-зерттеу институттарда бар.

Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспарында 2025 жлға дейін ғылымға бөлінетін ақшаны көбейту тапсырмасы бар. Бұл кезеңдерде ғылым шығыны инфляцияны мен жалпы ішкі өнімнің нақты өсуін де ескеруі тиіс. Ғылымға кететін шығын жыл сайын осыларға байланысты өзгеріп отырады.

Экономикалық құрылымды есептегенде, білімге кететін шығын, кадрлық потенциалдың ұстап тұру жағдайына жуырдағы он жылда жалпы ішкі өнімнің 05 пайызы жұмсалса, болашақта бұл көлем 1 пайызға жетуі керек. Бұл кезде де жалпы шығыннның өсуі, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың кенже қаржыландыруы, барлық ғылым саласы бойынша орташа шығын ескерілуі тиіс.

Ғылыми-зерттеу институттары тоқтамай, тиімді жұмыс істеуі үшін Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті әр институтқа 450-500 миллион теңге жыл сайын бөлуі тиіс.

***

Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарға көңіл бөлу ең алдымен қазақстандық ғылымды әлемдік ғылыми үрдістерге араластыру.

Халықаралық байланыстарды орнатып, нығайту үшін, халықаралық жобаларға қатысу үшін тіл меңгеру бағдарламаларын жетілдіре түсу керек.

Шетелдік ақпарат көздерін, ғылыми еңбектерін, ақылы ақпараттық базаларын еркін қолдануға жағдай жасау керек.

Қазақстан ғалымдары Ислам елдерінің ұйымдары мен Еуропалық Одақ көлемінде ғылыми үйымдардың ірі жобаларына қатысуға жағдай жасалуы тиіс.

Қазақстанның ғылыми қазір өзгеге емес, өімізге керек. Шетелдік университеттер мен ғылыми инстиуттармен байланыс ғылыми зерттеу арқылы күшейеді.

Тәуелсіздіктің отыз жылында алдымен экономика деп келдік. Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында ұлттың рухани дидарына аса мән беру қажеттігін көрсетті. Үш жылдан бері бұл салада жан-жақты жұмыс істеліп жатыр. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар соы жұмыстардың өзегіндей болатын дүние. Өйткені ғылым кез келген әрекеттің шешімін, жолын ұсынады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа жолдауында азаматтық сана, қоғамдық сапа туралы айтты. Бұл да әуелі ғылыми негізге сүйенетін тұжырымдар.

Сондықтан мелекет ең алдымен ғылымға көңіл бөле түсу керек. «Той тойлайтын емес, ой ойлайтын уақыттың» (Қ. Тоқаев) қауашығында ғылым жатыр. Ғылым – ойдың атасы.

Кенжехан Матыжанов,

М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды