457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Волейболшы қыздарымыз Орталық Азияда үздік шықты

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Орталық Азия волейбол қауымдастығының (CAVA - Central Asian Volleyball Association) чемпионаты аяқталды.


Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, 2010-2011 жылғы қазақстандық жасөспірімдер бес кездесудің бәрінде жеңіске жетті.

Қазақстан қыздар құрамасы финалда Өзбекстанды 3:0 (25:17, 25:18, 25:14) есебімен айқын басымдылықпен тізе бүктірді. 

Турнирдің үздік ойыншылары қатарында құрама капитаны Асылы Әбітай, Маргарита Вагнер және Ульяна Кокинаның (№24) есімдері аталды. 

Денис Исаевтың шәкірттері қараша айының басында Иорданияда өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды.

Бұдан екі жыл бұрын Ринат Ерғазин баптаған 2008-2009 жылғы қыздар да Орталық Азияда үздік атанған еді.

Фото: Қазақстан волейбол федерациясы