"Жеңіс" клубының директоры Тимур Турсумбаев жаңа қызметке тағайындалды

Сұлу Бөлек

  • 22.05.2025

Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының президенті Тимур Турсумбаев жаңа лауазымға тағайындалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ еліміздегі алғашқы кәсіби дзюдо клубы – "ЖЕҢІС" клубының бас директоры Тимур Турсумбаев Азия дзюдо одағының (Judo Union of Asia, JUA) маркетинг және даму жөніндегі директоры лауазымға ресми түрде тағайындалды.

Бұл туралы JUA президенті Обайд З. Аль-Анзи мырза жеке хабарлап, Тимур Турсумбаевтың жоғары кәсіби деңгейін, серіктестік пен демеушілік бағыттарын дамытудағы, сондай-ақ дзюдо спортын өңірлік деңгейде ілгерілетудегі әлеуетін ерекше атады.

"Бұл — мен үшін үлкен мәртебе әрі Қазақстанды халықаралық деңгейде танытуға берілген маңызды мүмкіндік. Мен бұл лауазымды отандық спортты дамыту және халықаралық байланыстарды нығайту мақсатында тиімді пайдалануға ниеттімін", — деп атап өтті Турсумбаев.

Бұл тағайындау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған спорт саласындағы реформалар бағытымен толық үйлеседі. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қолдауымен елімізде өңірлік бастамалар мен жекеменшік жобалардың рөлі арта түседі.

Айтап айтқанда, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Гусман Қырғызбаев – "ЖЕҢІС" клубының белсенді мүшелері болып табылады.

Фото: "ЖЕҢІС" клубы

Байланысты жаналықтар

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

23.05.2025

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

23.05.2025

Әскери қызметке шақырылғанына бір ай да толмаған: Аягөзде сарбаз көз жұмды

20.05.2025

Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

20.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025
MalimBlocks