Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Стоматологиялық орталықтардың қызметіне 250-ге жуық шағым түскен

Қоғам
Стоматологиялық орталықтардың қызметіне 250-ге жуық шағым түскен

Денсаулық сақтау министрлігі стоматологиялық қызметтердің сапасына тұрғындардан қаншалықты жиі шағым түсетінін мәлімдеді.

- Биылғы 11 айда Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне 244 өтініш келіп түсті. Өтініштердің ең көп үлесі Павлодар облысы, Астана және Алматы қалаларына тиесілі, - деп жазылған министрлік мәліметінде.

Ведомствоның мәліметі бойынша тіс дәрігерлерінің қателігінен болған өлім-жітім мен мүгедектік жағдайы тіркеліп көрген жоқ.

- Осы кезеңде (2024 жылдың басынан бері – ред.) стоматологиялық қызмет көрсетуден кейін мүгедектік және өлім-жітім, сондай-ақ, стоматологияның медициналық қызметіне лицензиядан айыру фактілері тіркелмеген, - деп жазылған жауапта.

Фото: Казинформ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу