Талғар ауданы полициясы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды.
"Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Талғар ауданы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы лауазымына полиция подполковнигі Омаров Айдар Әбдікерімұлы тағайындалды", – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото Instagram/talgar_police