Бүгін Сабина Алтынбекованың туған күні
Осы жарыста қазақ қызы Сабинаның сұлулығы бүкіл әлемді тамсантты. Оны жапониялық аниме кейіпкеріне ұқсатқан желі қолданушылары көп болды.
Бүгін сұлулығымен қазақ атын танытқан волейболшы Сабина Алтынбекованың туған күні. Әлемге сұлулығымен танылған қазақ қызы 28 жасқа толып отыр.
Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Ақтөбе облысында 1996 жылы 5 қарашада дүниеге келді. Бес жасынан бастап биге, гимнатикаға қатысты. 14 жасынан бастап валейболғаи бет бұрды. Жас волейболшының алғашқы командасы «Қазхром» клубы болды. Сабина оның танымал көшбасшысының бірі еді.
2013-2014 маусымында ол ойнаған Алматы командасы Премьер-лигадағы күміс жүлдегері болды. Тайванда өткен XVII жасөспірімдер арасында волейболдан Азия чемпионаты (18 жасқа дейінгі қыздар) 15 командаға қатысты. Чемпионатта жеңісті Қытай Халық Республикасының волейбол командасы жеңіп алды. Екінші орын Жапония ұлттық құрамасына, үшінші орын Кореяға берілді. Жетінші орынды Қазақстан құрамасы алды. Осы жарыста қазақ қызы Сабинаның сұлулығы бүкіл әлемді тамсантты. Оны жапониялық аниме кейіпкеріне ұқсатқан желі қолданушылары көп болды.
Ол осыған дейін Қазақстан ұлттық құрамасында, Жапноия, БАӘ-нің құрамаларында өнер көрсетті. Көптеген халықаралық жарыстарға қатысып келеді.