Фариза Оңғарсынова

Белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова – 1939 жылы 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысында туған. 2014 жылы 23 қаңтар күні Астана қаласында дүниеден озды.

Malim Админ

  • 20.09.2024

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966 – 68 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған. 

1968-70 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970-78 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978-2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. 2000-04 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

 Алғашқы өлеңдері 1958 жылы республикалық баспасөз беттерінде, тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары» топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А. Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф. Казакованың, Е.А. Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы. 

2015 жылы ақынның туған жерінде ескерткіш, 2015 жылы Астанада ақынның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сардар» баспасынан 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 2018 жылы Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды, көше берілді. 2018 жылы балаларының қолдауымен естеліктер жинағы жарық көрді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп, 2019 жылы Астана қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы көше, 2019 жылы Ақтау қаласында мектеп ашылды. 2019 жылы ақынның 80 жылдық мерейтойына орай «Шілде» және «Полдневный жар» кітаптары жарық көрді. 

Байланысты жаналықтар

Бақытгүл Бабаш. Мен жылаймын, естен кетпей есімің...

29.03.2021

Менің мылқау махаббатым, қалайсыз?..

11.03.2021

Айдында жүзген ақ желкен

08.03.2021

Азамат Тасқараұлы. Жүрегімде махаббат бар мөп-мөлдір!..

06.03.2021

Әбіш Кекілбайұлы. Фариза

25.12.2020

Мен Фаризаның көшірмесі емеспін

28.09.2020
MalimBlocks
Бақытгүл Бабаш. Мен жылаймын, естен кетпей есімің...

Менің мылқау махаббатым, қалайсыз?..

Айдында жүзген ақ желкен

Азамат Тасқараұлы. Жүрегімде махаббат бар мөп-мөлдір!..

Әбіш Кекілбайұлы. Фариза

Мен Фаризаның көшірмесі емеспін