Мұстафа Шоқай: Азаттық үшін күрестің жауынгер публицисті

Malim Админ

  • 07.02.2025

Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Сырдария облысы, Ақмешіт уезінде дүниеге келген. Оның атасы Торғай би және әкесі Шоқай үлкен беделге ие болған тұлғалар еді. Алғашқы білімін ауыл молдасынан алып, 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына қабылданады. Мұстафа – ХХ ғасырдағы қазақ халқының тәуелсіздігі мен түркі әлемінің бірлігі үшін күрескен аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, журналист. Оның публицистикалық мұрасы ұлттың азаттығы, тарихи санасы және саяси ой-сананың қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол өз еңбектерінде Түркістан халықтарының отарлық езгіден азаттық алуын, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуын басты мақсат ретінде қарастырды.

1910 жылы гимназияны үздік атақпен тәмәмдап, Ресейдің ең беделді оқу орындарының бірі – Санкт-Петербург университетінің, заң факультетіне оқуға түседі. Жас Мұстафа университетте: орыс, француз, түрік, парсы, ағылшын тілдерін меңгеріп, Ресейдің сол кездегі саяси және мәдени орталығында жүріп, мол тәжірибе жинайды.

 Университет қабырғасында оқып жүріп, Мұстафа Шоқай Ресей Мемлекеттік Думасындағы Мұсылман фракциясының хатшысы қызметін атқарады. Ол жерде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сияқты қазақ зиялыларымен тығыз байланыс орнатып, олардың тәуелсіздік жолындағы күресіне араласа бастайды.

«Бірлік туы» газеті 

 1917 жылы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін Мұстафа Шоқай Ташкентке оралып, Түркістан автономиясының құрылуына белсенді қатысады. Осы кезеңде ол «Бірлік туы» атты газеттің негізін қалайды. Бұл басылым Түркістан халықтарының ұлттық санасын ояту, бостандыққа ұмтылу және білім беру мәселелерін көтерді. Мұстафа Шоқай газет арқылы Ресейдің отаршылдық саясатын сынап, Түркістан халқының өзін-өзі басқару құқығын қорғады. «Бірлік туы» газетінде жарық көрген мақалаларының бірінде: “Түркістанның болашағы – оның халқының ұлттық рухында. Ұлттық рухсыз біз өз еркімізді ешқашан ала алмаймыз.” - деп жазған еді. Алайда 1918 жылы Кеңес үкіметі Түркістан автономиясын құлатып, оның көшбасшыларын қуғындауға кірісті. Осыған байланысты Мұстафа Шоқай Баку арқылы Грузияға эмиграцияланып кетуге мәжбүр болды.

Эмиграциядағы публицистикалық қызметі

1919 жылы Мұстафа Шоқай Тифлисте (қазіргі Тбилиси) - «На рубеже» және «Шафак» газеттеріне мақала жаза бастайды. Ол бұл басылымдарда кеңестік биліктің Түркістандағы қанды қырғындарын әшкерелеп, шетел жұртшылығына Түркістандағы жағдайды түсіндіруге тырысты.

1921 жылы Парижге қоныс аударған Мұстафа Шоқай шетелдік эмиграцияда жүрген түркістандық зиялылармен бірігіп, түрлі басылымдарға мақала жаза бастады. Ол Францияда «Прометей», «Дни», «Последние новости» сияқты басылымдарда қызмет етіп, Түркістандағы кеңестік репрессияларды талдады. 
 
«Яш Түркістан» – ұлттық публицистиканың шыңы 
 1929 жылы Берлинде Мұстафа Шоқайдың бастамасымен «Яш Түркістан» журналы жарық көрді. Бұл басылым оның саяси және публицистикалық қызметінің ең маңызды белестерінің бірі атанды. 
 «Яш Түркістан» журналының негізгі мақсаты: 
•    Түркістан халықтарының тәуелсіздік алу мәселесін көтеру. 
•    Кеңестік үкіметтің Түркістандағы отаршылдық саясатын әшкерелеу. 
•    Түркі халықтарының мәдени және саяси бірлігін нығайту. 
 
Мұстафа Шоқай журналдың алғашқы санында: 
“Түркістанның азаттығы – біздің ең басты мақсатымыз. Кеңес үкіметі бұл халықты бодандықта ұстап, оның рухын жоюға тырысып отыр. Біздің міндет – оған қарсы күресу.” - деп жазды. 
 Журнал 1939 жылға дейін үздіксіз жарыққа шығып, Түркістанның тәуелсіздігі туралы ой қозғаған ең беделді басылымдардың бірі болды. 
 
Кеңестік үкіметпен күресі және өмірінің соңғы жылдары 
 Мұстафа Шоқай 1941 жылы, Түркістан легионың құрудан бас тартып, шарасыз халқының болашақ қамын қатты уайымдады.  Бұл легион Ұлы Отан соғысында нацистік Германияның құрамында соғысу үшін ұйымдастырылған әскери күш. Шоқайдың негізгі арманы - Түркістан халқының тәуелсіздігі мен отаршылдық саясаттан азат ету еді. Мұстафа ешқашан нацистік идеологияны қолдамады, оның мақсаты - түркі халықтарының мүддесін қорғау болатын. 
 КСРО-ның осы ұсынысынан кейін, сол жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, публицист қастандықтың құрбаны болғанын айтады.  
 
Журналистикаға қосқан үлесі 
 Мұстафаның журналистикадағы және публицистикадағы қызметі тек Қазақстан мен Түркістанда ғана емес, бүкіл түркі әлемінде үлкен ықпал қалдырды. Оның шығармашылық қызметі тек түркі әлемінде ғана емес, кеңес үкіметінің тоталитарлық режиміне қарсы да күрес жолы болып қалды. Мұстафа Шоқай журналист ретінде ұлттық еркіндік, тәуелсіздік және мәдени даму мәселелерін көтере отырып, халықты біріктірудің жолдарын іздеді. 
  
Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы ХХ ғасырдың басындағы түркі халықтарының азаттық үшін күресінің ең жарқын беттерінің бірі болды. Оның публицистикасы мен журналистикасы, түркі халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, кеңес үкіметінің озбырлығына қарсы әрекеттері қазіргі ұрпақ үшін үлкен мұра болып табылады. 
 Ең бастысы, Мұстафа Шоқайдың өмірі мен еңбектері бізге ұлттық сананың және тәуелсіздіктің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады. Ол өз өмірін халқының азаттығы мен бостандығы үшін арнап, сол жолда күресуден ешқашан бас тартпаған.

Дәрия Есмурзинова

МНУ университетініңхалықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті

Сурет: qazaquni.kz  

Байланысты жаналықтар

Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

20.02.2025

Дулати Қазақ хандығын қалай зерттеді?

13.02.2025

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков

12.02.2025

Көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев

11.02.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

11.02.2025

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

10.02.2025
MalimBlocks
Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

Дулати Қазақ хандығын қалай зерттеді?

Қазақ хандығын тұңғыш зерттеген ғалым - Дулати.

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков

Көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның ең жас министрлерінің бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қыркүйекте Райымбек ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы облысы Талғар ауданында қастандықтан қаза болды. Оның өлімі әлі толық ашылған жоқ...

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

Қарағандының 15 шахтасын гoлландықтар сатып алған, сoларды сақтап қалды дeп қуанып жүрмiз. Eкiбастұзды да сатып жiбeрдiк. Ал, oлардың бiр жылда өндiрeтiн 50 миллиoн тoнна көмiрiн əр тoннасын 10 дoллардан сатса, бiр жылдың өзiндe 500 миллиoн дoллар түсiрмeй мe? Oлар oсыны көрe, жылына 100 миллиoн дoллар бөлiп oтыр. Бүкiл Қызылoрданың үмiтi бoлған Құмкөлдi дe сатып жiбeрдiк.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі