Жыр құлагері – Ілияс Жансүгіров

Ілияс Жансүгіров (1894-1838) – ақын, драмашы, прозашы. Қазақ жазба поэзиясын қалыптастырушылардың бірі. 1894 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Биыл ақынның туғанына 130 жыл толды.

Malim Админ

  • 09.09.2024

Ауылдағы «Мамания» мектебінен білім алып, Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын бітірген, соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1938 жылы «Халық жауы» деп айып тағылып, нақақтан атылды.

 І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу маржаны чаналады. І.Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі – «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс тіршілігін, азаттықты көксеген арман аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді. Қаламгер әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Лермонтовтың, А.Горькийдің, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады.

Ақын «Күйші» мен «Құлагерде» қазақ сөзінің мәйегін барынша пайдаланған. Ол жайында Әбіш Кекілбаев: «Ана тіліміздің реалистік көркем ойға тән икемділігін шыңдауда, ұлттық материалымыздың тұрмыстық қабаттарымен шектелмей әлеуметтік, философиялық тұңғиықтарына үңілуде I. Жансүгіров көрегендік пен көсемдік танытып, артына өлмес өнеге қалдырды. Жансүгіров жаңашылдығы тек қана бір ақынның шоқтығын аспандатып қоймай, бүкіл ұлттық поэзияны жаңа тарихи белеске көтерді», – деген кесімді ойын алға тартады.

Оның әйгілі «Құлагер» поэмасының желісімен «Құлагер» көркемфильмі түсірілді.

Елімізде бірнеше мектепке, көшеге, ауданға, елді мекенге, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне І.Жансүгіровтың  есімі берілді. 

1994 жылы университеттің қарсы алдындағы алаңға ақынның қоладан құйылған ескерткіші орнатылды. Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармаларына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.

Байланысты жаналықтар

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

18.04.2025

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

09.04.2025

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

Айгүл Иманбаева қаламгер Дулат Исабековпен қоштаса алмай қалғанын айтты

24.02.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 6

06.02.2025
MalimBlocks
Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

Ол келмеген қонақтарына да ренжулі екен.

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

Айгүл Иманбаева қаламгер Дулат Исабековпен қоштаса алмай қалғанын айтты

Жазушы 82 жасында дүниеден озды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 6

Сатылып жатыр. Бит eкeш биткe дeйiн сатылады. Бiр бит қара базарда бeс жүз тeңгe. Үш бит бiр мың бeс жүз тeңгe. Сeмiз бiр қoйдың құны.