Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Желтоқсаншылар саяси мәртебе талап етті

Саясат
Желтоқсаншылар саяси мәртебе талап етті

Алматыда қала әкімінің қатысуымен Тәуелсіздік күнінен арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады www.orda.kz сайты.

«Тәуелсіздік» монументінің алдына бірінші болып гүл шоғын қала әкімі Ерболат Досаев бастаған қала тұрғындары қойды.  Сонымен қатар, мерекелік шарада мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан халқы ассамблеясы мен желтоқсан оқиғасының қатысушылары болды.

Алаңға жиналған желтоқсан көтерілісіне қатысушылар саяси мәртебе талап ететіндігін жеткізді. Олардың айтуынша, желтоқсаншылар мәртебесін ауған соғысының ардагерлерімен теңестіру қажет дейді. 

«Бұл Тоқаевтың екі жыл бұрын айтылған сөзі. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тек сөз жүзінде қалып отыр. Біз желтоқсаншыларға саяси мәртебе беруін талап етеміз. Желтоқсаншылардың көбісі мүгедек, әлеуметтік жағдайы нашар. Сондықтан да біз сол президенттің айтқан сөзімен бүгін алаңға келіп тұрмыз» , – дейді желтоқсаншы Көкен Азат.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу