Статьи по теме: жас ақындар поэзиясы
Найдено 3 вариантов:

Ақын Әсел Кәрібай өлеңдері
Әсел Кәрібай – 1995 жылы ШҚО, Аягөз ауданы, Бидайық ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Абай атындағы РММИ, 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетін тәмамдаған.

Ақын Бауыржан Игілік өлеңдері
Бауыржан Игілік – 1990 жылы 4 тамызда ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы жалпы білім беретін №42 орта мектепті бітіріп, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетінде жоғарғы білім алды. Қалалық, облыстық, республикалық жыр мүшәйралары мен айтыстардың жүлдегері, республикалық өнер фестивальдарының лауреаты. «Абай әлемі» фестивалінің Гран-При жеңімпазы, алтын төсбелгі иегері.

Ақын Мақпал Мыса өлеңдері
Мақпал Мыса – 1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері облыстық «Толғауы тоқсан туған тіл», «Поэзия, менімен егіз бе едің?», республикалық «Өмір өрнектері», «Жас толқын» жинақтарына енген. «Алақандағы бақыт» жыр жинағының авторы. Облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Республикалық Абай оқуларының, 2011 жылы Ақсу ауданының 80 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның бірінші орын иегері. Қобызшы Молықбай атындағы сыйлықтың лауреаты, М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпазы.