Заңсыз аң аулау тыйылмай тұр

Malim Админ

  • 04.02.2020

Өз бетімен аң аулауға қаншалықты заңмен тыйым салынса да, браконьерлер беталды аңшылықтан тыйылар емес. Осы аптада екі облыстағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шарасында екі оқтиға орын алды. Оның бірі: «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Батыс аймақтық филиалының инспекторлары Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шара жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумағында мүйіздері кесілген 50-ге жуық атылған киіктердің ұшасын тапты.

Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды.Қазақстан Республиксы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында: «Батыс Қазақстанда жануарларға қарсы қылмыстық əрекет орын алды. Бүгін «Охотзоопром» инспекторлары рейд кезінде 50 бас киіктің кесіп алынған мүйізін тапты. Полиция қазіргі уақытта осындай тағылыққа барған адамдарды іздестіруде.  Қылмыс жасағандар табылып, жазасын алады деп сенемін»,- деп жазды.

Екіншісі, Іле-Алатау ұлттық паркінің мобильді топ инспекторлары рейдтік шара барысында Кеген ауданы Алматы облысы Алматы мемлекеттік қаумалының аумағында Алматы облысының екі азаматын құрықтады.Алматы облысының екі азаматы елік аңын заңсыз атқаны үшін күдікке ілінді.

Көлікті тексеру барысында бес пакетке салынған екі елік аңының жіліктелген еті, Вепрь және Магнум маркалы екі қару, 12 калибрлі 21 оқ, 223 калибрлі 18 оқ, 308 калибрлі 2 оқ, дүрбі мен әртүрлі пышақтар табылды.

Күдіктілердің айтуы бойынша, олар етті жол бойында тауып алып, аудандық полиция бөліміне жеткізбекші болған.

Аталмыш факты Кеген аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналду екі рекорд жаңартты

16.06.2021

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy премиясын жеңіп алды

15.03.2021

Бақауовты босатыпты

19.02.2020

Шымкент күрделі салаларда алда келеді

12.04.2021

Құс тұмауы Қарағандыға жетті

23.09.2020

Әскери қайраткер Ким Серікбаев өмірден өтті

19.04.2021
MalimBlocks
Криштиану Роналду екі рекорд жаңартты

Криштиану Роналду бұл ойында екі бірдей тарихи рекорд орнатты.

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy премиясын жеңіп алды

Бақауовты босатыпты

Шымкент күрделі салаларда алда келеді

Құс тұмауы Қарағандыға жетті

Әскери қайраткер Ким Серікбаев өмірден өтті