«Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім...»

Malim Админ

  • 11.02.2020

Киік – қазақ үшін тумысы бөлек жаратылыс болса да, аңшылар аулауды қойған емес. Қадым замандардан бері аңшы әңгімелерінің ішінде киік туралы қисса міндетті түрде жүреді. Оған ілесе киік киесі туралы да тауарих бетінен қаншама із табуға болады. Сәкен Сейфуллин:

Мергендер дамыл алмай киікті атқан,

Ауылды қан сасытып топырлатқан.

Киікті ойлай ма екен таусылар деп,

Азайып бірте-бірте келе жатқан!.., деп жырлайтын. Тегін емес. Осы айтқандай жылдан жылға азайып бара жатқан киікті көбейту мақсатында біршама шаралар атқарылып жатыр. Киіктердің санын көбейтіп, сақтау мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында киіктерді 2023 жылға дейін атуға тыйым салынды.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Зоология институты киікті ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, киікті атуға 2023 жылға дейін тыйым салу туралы кеңес берген. Биологиялық негіздемені мемлекеттік экологиялық сараптамамен мақұлдаған. Киікті атуға тыйым салу туралы бұйрық ресми түрде жарияланып, 2020 жылдың 20 ақпанынан бастап күшіне еніп отыр.

«Қазіргі Қазақстанның түрлі аймақтарында киіктің жағдайы әртүрлі. Үстірт популяциясының саны - 5,9 мың. Бетпақдала популяциясының саны  - 111,5 мың. 2015 жылы жаппай қырылудан кейін қалпына келіп, ақырындап көбейіп жатыр. Қазақстанда 2015 жылы 150 мыңнан астам киік қырылған еді. Сол себепті 2015 жылдан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін киіктерді атуға тыйым салынған еді.

Енді киіктің санын көбейту үшін бұл мерзім 2023 жылға дейін ұзартылды. Жалпы киік Қызыл кітапқа енгізілмеген. Заңмен шектеп қана қоймай, бұл бағытта әртүрлі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Қазіргі мақсат – киік санын 500 мыңға жеткізу», - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы СәкенДілдахмет.

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Өзге аңға жануарды тең көрмедім.

Көздері мөлдіреген ақбөкенді

Адамның баласынан кем көрмедім, – деп жырлаған, ақын жүрегі ғажап-ақ. Адамның көзі атуға қимайтын ақсүйек жануар ұлы даламыздың құты болып, көбей бергей!

Байланысты жаналықтар

Шымкентке Өзбекстаннан көшіп келушілер көп

10.03.2021

Өкіметтен қайыр жоқ, Борат аман болсын

13.10.2020

Тоғжанов Сапарбаевтың орнына жайғасты

11.02.2020

20 мың теңге пара және карантин кезіндегі ұстау операциясы

24.04.2020

Коронавирус: Үйде жатып емделудің жолы қандай?

28.06.2020

Халық саны бір жылда 235 мың адамға өсті

12.02.2020
MalimBlocks
Шымкентке Өзбекстаннан көшіп келушілер көп

Өкіметтен қайыр жоқ, Борат аман болсын

Тоғжанов Сапарбаевтың орнына жайғасты

20 мың теңге пара және карантин кезіндегі ұстау операциясы

Коронавирус: Үйде жатып емделудің жолы қандай?

Халық саны бір жылда 235 мың адамға өсті