Дулат Ағаділдің сұрауын іздеген белсенді топ қамалды

  • 25.02.2020
  • Malim Админ

Бүгін Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болған еді.  ІІМ қызметкерлерінің хабарлауынша: «Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды. Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды» делінген.

Ішкі істер министрлігінің алдына бір топ белсенді Дулат Ағаділдің неден қайтыс болғанын білу үшін барған. Бірақ ешқандай лауазымды тұлға шығып жауап берген жоқ. Белсенді топ жол жауып, жауап беруін талап етті. ІІД қызметкерлері екі автобуспен келіп, белсенділерді тиеп алып кетті. Нұр-Сұлтан қаласы ІІД басшысының орынбасары Малыбаев: «Ағаділ моргте. Экспертизия жүріп жатыр. Бәрі анық болғанда айтылады. Отбасы бәрінен хабардар».

«Не үшін бәрін қамап жатсыңдар?» деген сұраққа Малыбаев: «Көрдіңдер ғой жолды жауып қойды. Қала прокурорының орынбасары жолды босатыңдар деген. Жолды босатпады ғой. Сол үшін алып кетті» деді.

Азаттық радиосы Нұр-Сұлтаннан тікелей эфирде ақпарат таратып жатыр.

Байланысты жаналықтар

Шымкенттік оқушылар шетелдік ЖОО грантын ұтып алды

10.03.2021

Тағы 9 адамнан коронавирус анықталды

26.03.2020

ЖОО-лардың білім сапасы бақылауда болады

30.09.2020

Азаттық күні Жириновский тәуелсіздігімізге тіл тигізді

16.12.2020

Денсаулық кодексі: «Біртанов отставкаға кетсін!»

24.02.2020

Аса көрнекті ғалым Рәбиға Сыздықова дүниеден озды

04.07.2020