"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 16.09.2021

«СК-Фармация» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Берік Шәріп 3,5 жылға сотталды.

«Шәріптің өзінің лауазымдық міндеттерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны анықталды. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылып, ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша жаңа айыптау үкімі шығарылды. Шәріп үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды», -делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Тамыздың 4-і күні бірінші сатыдағы сот Берік Шәріпті қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану айыбы бойынша ақтаған. Оған заңсыз қару сақтағаны үшін 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Айыппұл Шәріптің 2020 жылдың тамызынан бері қамауда отыру есебінен жабылған.

Берік Шәріп 2020 жылдың 14 тамызында жемқорлық ісі бойынша ұсталған. Оған төтенше жағдай тұсында медициналық құрылғыларды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, заңсыз қару-жарақ ұстау айыптары тағылған.

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Байланысты жаналықтар

Жаңа заң. Полиция арызға қарамай-ақ іс қозғайды

15.05.2023

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

04.05.2023

Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

27.04.2023

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

24.04.2023

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

20.04.2023

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты. Судья шешім шығарды

17.04.2023
MalimBlocks
Жаңа заң. Полиция арызға қарамай-ақ іс қозғайды

Көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

Аталған сот ел арасында "аруақтар соты" деген атаумен сынға ұшырады

Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

Ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растады

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Билікті күшпен басып алу айыбы тағылған

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

Аталған іс бойынша ертең алдын ала тыңдалым өтпек

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты. Судья шешім шығарды

Мұхамедиұлының денсаулығы нашарлап кеткен дейді