Сот түрмеде соққыға жығылған саяси тұтқынның өтінішін қанағаттандырмады

Malim Админ

  • 27.04.2021

Қапшағай қалалық соты саяси тұтқын Алмат Жұмағұловтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Белсенді сот пен прокурорға кеше түрмеде болған жағдайды (түрмеге әскер кіргізілген), өзінің соққыға жығылғаны жөнінде айтқанымен, оған олар мән бермеген.

Кеше Алмат Жұмағұлов жазасын өтеп жатқан Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/14 түзету мекемесіне әскер кіргізіліп, тінту жүргізіліп, белсендінің соққыға жығалғаны жөнінде ақпарат тараған.

Халықаралық Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросының өкілі Инга Иманбай фейсбук парақшасында Жұмағұловтың соққыға жығылғанын хабарлаған.

«Заречный түрмесіне бүгін әскер кіргізіліп, тінту болып, саяси тұтқын Алмат Жұмағұлов соққыға жығылған. Қазір Бюро адвокат іздеп жатыр», - деген ол өз жазбасында.

Алмат Жұмағұлов 2018 жылы «Жиһадшылар ісі» бойынша 8 жылға сотталған. Оған «терроризмді насихаттау», «ұлтаралық араздық қоздырды» деген айыптар тағылған.

Құқық қорғаушылар Алмат Жұмағұловтың саяси көзқарасына байланысты қудаланғанды деп атап, оны саяси тұтқын деп атаған. Еуропарламент 2021 жылдың ақпанындағы қарарында Нұр-Сұлтанды «саяси тұтқындарды» босатуға шақырған. Оның ішінде Алмат Жұмағұловтың да атын атаған.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025
MalimBlocks
Алматы облысында жер сілкінді

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

Оқиғаны видеоға түсірген жасөспірімнің де заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады