Мұхтар Тайжан: Алауыздық тудырған телеарна жабылсын

Елнұр Бақытқызы

  • 24.12.2020

Ресейдің федералды арналары Кремльдің  пропагандасын насихаттап қана қоймай, Ресей саясаткерлерінің Қазақстанға қарата айтылған даулы мәлімдемелерін таратып жүр. Дума депутаты Вячеслав Никоновтың доспейіл емес, тіпті ұлтараздығын қоздыратын мәлімдемесін таратқан Ресейдің бірінші арнасы Қазақстанда кабельді операторлар арқылы емін-еркін көрсетіледі. Қоғам белсенділері Қазақстан доспейіл емес, ұлтараздығын қоздыратын пікірді таратқан Ресей арналарына тыйым салуы керек деп есептейді.

Ресей телеарналардағы даулы мәлімдемелер

"Қазақстан территориясы – Ресейдің берген сыйлығы" деп жар салған Дума депутаты Вячеслав Никоновтың мәлімдемесі Ресейдің "Первый канал" мемлекеттік арнасының мінберінде айтылды. Ресейдің федералды арналары бұған дейін де Қазақстанның егемендігіне қол сұғып, жеріне көз сүзетін мәлімдемелерді таратқан. Тіпті Ресейді жақтамаған уақытта Қазақстанға қыр көрсететін пікірлер арналардың эфирінде айтылған.

Мәселен, 2018 жылы Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ пен оның одақтастарының Сирияны бомбалауын сынға алатын қарар жобасын ұсынғанда, Қазақстан қарар жобасына дауыс беру кезінде қалыс қалған. Осы оқиғадан кейін  Ресейдің федералды "Россия" арнасында тележүргізуші Владимир Соловьев бұл мәселені сарапшылармен талқылап, оны жағысыз оқиға ретінде бағалаған. «Россия» телеарнасындағы тікелей эфир хабарында журналист: «Келесі Майдан Ресейден ажыратып әкету үшін Қазақстанда ұйымдастырылмақ па?» деген екіұшты сұрақ қойған. Мұны Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдері сынап, "Ресей бізді сателлит көреді" деп бағалаған.

Ал 2014 жылы 23 ақпан күні Мәскеудегі митингіде сөйлеген ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Орталық Азиядағы мемлекеттерді тәуелсіздіктен айыру туралы пікір білдірген. Саясаткердің бұл мәлімдемесін "Россия 24" арнасы тікелей эфирде көрсеткен. "Орта Азияда ешқандай мемлекет жоқ. Ортаазиялық федералды округ, оның басты қаласы – Верный", - деген мәлімдемеден кейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейге нота жолдаған.

"Оған саяси-ерік жігер керек"

[caption id="attachment_10801" align="alignleft" width="300"] Абзал Құспан, фото: abai.kz[/caption]

Адвокат Абзал Құспан Вячеслав Никоновтың мәлімдемесі ұлтараздығын қоздырады деп есептейді. "Никонов, Федоров пен Жириновский бұл мәлімдемелерді тектен-текке айтып тұрған жоқ. Ең негізгі мақсаты – қазақ ұлты мен славян тектес халықтардың арасында ұлтаралық араздықты қоздыру. Жириновсикй мұндай мәлімдемелерді бірінші рет айтып тұрған жоқ. ал Никонов тәрізді үлкен дәрежедегі саясаткер,  билік партиясы өкілдерінің мұндай мәлімдеме жасауы бұл Ресейдің ұстанып отырған саясаты екенінен хабар береді",  – дейді адвкокат Абзал Құспан.

Абзал Құспан ұлтараздығын қоздыратын, доспейіл емес мәлімделелерді эфирде тарататын Ресейдің федералды арналарына Қазақстанда тыйым салу керек деп есептейді. "Өзбекстанда жергілікті ұлттық арналар мен халықаралық телеарналарды көрсетеді. Ресей пропагандасы мейлінше шектелген. Сондықтан біз де осындай қадамға баруымыз керек. Қазақстан қарымта жауап қайтарып, Ресейдің кабельдік арналарын ғана емес, Қазақстанда таратылатын газеттерін де шектеп, ақпараттық кеңестікті тазалағаны дұрыс", - дейді ол.

Сондай-ақ заңгер даулы мәлімдемелерден кейін Қазақстан Ресеймен одақтардан шығып кеткені жөн деп есептейді. "Мұны мүмкіндік ретінде қарастырып, бізге экономикалық жағынан тиімсіз Кеден одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымынан да шығу керек. Бұл одақ экономикалық мүддеге қайшы деп шығып кетсек, бұл дипломаттиялық қарым-қатынастағы қадам болар еді", - дейді ол.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан да Ресей арналарына тыйым салынуы тиіс деген пікірді жақтайды. "Бізде ақпараттық қауіпсіздік деген ұғым жоқ. Өйткені теледидарды қоссаң, 80-90 пайызы –  Ресейдің телеарналары. Ешбір елде мұндай жоқ.  Басқа елдерде де халықаралық, әлемдік арналар көрсетіледі. Бірақ басым көпшілігі елдің телеарналары болады. Ал бізде керісінше. Никоновтың, Жириновскийдің мәлімдемелері ұлтаралық араздықты қоздырады. Сондықтан бұл арналар жабылуы керек. Алайда бұл үшін биліктің ерік-жігері болуы тиіс. Одан басқа ешқандай көлденең механизм жоқ", - деді Мұхтар Тайжан.

Мақаланы көшіріп басуға болмайды.

Байланысты жаналықтар

А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

01.03.2023

Мұхтар Тайжан «Аспандау» қорынан баласының ақша алғанын мойындады

20.02.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Мұхтар Тайжан партия құрып, жер қорғамақ

16.03.2022

Ақбұлақтағы атыс. Бес адамның өмірін қиған оқиғаға кім кінәлі?

21.09.2021

"300 жыл бұрын қайда болдыңдар?": Ресей депутаты Қазақстанға тағы да шүйлікті

11.04.2021
MalimBlocks
А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, өзін заңгер санайтын Айгүл Орынбек сайлаудың үгіт-насихатының отына май құйып бергендей болды.

Мұхтар Тайжан «Аспандау» қорынан баласының ақша алғанын мойындады

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Мұхтар Тайжан партия құрып, жер қорғамақ

Саяси белсенді Мұхтар Тайжан Жер қорғаны партиясын құратыны туралы хабарлады.

Ақбұлақтағы атыс. Бес адамның өмірін қиған оқиғаға кім кінәлі?

"300 жыл бұрын қайда болдыңдар?": Ресей депутаты Қазақстанға тағы да шүйлікті