15 мың адамға рақымшылық жасалады

Mailm.kz, Астана. Бүгін мәжіліс отырысында Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң қабылданды.
Осы заң туралы бастама көтерген депутат Абзал Құспан пленарлық отырыс кезінде, рақымшылық 15 мың адамды қамтитынын айтты. Олардың 6 мыңы қазір жазасын өтеп жатыр және 9 мыңы пробациялық қадағалау қызметтерінде есепте тұр. Жазасын өтеп жатқан шамамен 632 адам және пробациялық қызметте есепте тұрған 3,5 мың сотталушы бостандыққа шығады. 11 мың адамның әлі өтелмеген мерзімі дифференциациялық қысқартуға ұшырайды.
Парламентарийдің айтуынша, рақымшылық алатын азаматтардың ішінде 833 әйел бар.

Ең көп оқылған
