Әскерге күштеп алып кетуді қолдаймын – депутат

Ал мәжілісмен ұлының әскери колледжге оқуға түскенін атап өтті

Сабина Асқарқызы

  • 05.11.2024

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханның Youtube арнасына берген сұхбатында 18 жасқа толған жігіттерді әскерге күштеп алып кетуді қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Әскерге күштеп алып кетуді қолдаймын, неге қолдамауым керек? Конституцияда әскерге бару әрбір 18 жасқа толған азаматтың міндеті екені жазылған, құқығы емес, міндеті. Менің осы сөзімнен кейін бәрі шулады, «оңбаған», «өзінің баласына осыны тілер ме еді?» деген көптеген пікір жазылыпты», - дейді Абзал Құспан.

Ал мәжілісмен ұлының әскери колледжге оқуға түскенін атап өтті.

«Енді қызықты қараңыз, 15 жастағы Қалижан деген ұлым дәл қазір Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде оқып жатыр. Ол оқуға қыркүйекте түсті. Мен сол кезде халық алдында шығып, айтқым келді. Мен ұлымды әскерге жіберемін, ешқандай күмән болмасын. Жібергелі жатырмын. Мен тек оқуға түспей қалса қайтемін деп ойладым. Мен ұлымды былтырдан бері дайындап жатырмын, ұлыма "ел басына күн туса, қолыңа қару ұстайтын шамаң болуы керек" деп айтамын. Сонда әскерден бәріміз қашуымыз керек пе? Әлде елді, жерді қорғауды әйелдерге қалдырайық па? Мен депутат ретінде әскердегі әлімжеттікке не істей аламын? Мұндай дүние Кеңес Одағының кезінде де болды, қазір де соны тоқтата алмай тұр», - деді депутат.

Байланысты жаналықтар

Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді

28.06.2024

Елімізде кедей адамдардың саны 1 миллионға жетті

26.06.2024

«Назарбаевтан кешірім сұрап, жазадан оңай құтылатын»: Мәжіліс депутаты Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді

10.05.2024

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

28.12.2022

Ақбұлақтағы атыс. Бес адамның өмірін қиған оқиғаға кім кінәлі?

21.09.2021

Заңға қарсылық: "Қазақ тілді ортаны манипуляциялау оңай"

20.01.2021
MalimBlocks
Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты.

Елімізде кедей адамдардың саны 1 миллионға жетті

Сондай-ақ, оның айтуынша, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспанамен қамту проблемасының жалғасып келе жатқанына ширек ғасыр болды.

«Назарбаевтан кешірім сұрап, жазадан оңай құтылатын»: Мәжіліс депутаты Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді

Ескі Қазақстанда сот отырыстары жабық өтіп, кім нені қарап жатқаны, істі қалай саралап жатқан белгісіз болатын.

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

Ақбұлақтағы атыс. Бес адамның өмірін қиған оқиғаға кім кінәлі?

Заңға қарсылық: "Қазақ тілді ортаны манипуляциялау оңай"