Үш жыл бойы қайда болдыңыздар? - депутат министрге шүйлікті

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әділет министрлігінен заң бұзған жеке сот орындаушылары неге әлі жұмыс істеп жатқанын түсіндіруді талап етті

Сұлу Бөлек

  • 21.04.2025

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әділет министрлігінен заң бұзған жеке сот орындаушылары неге әлі жұмыс істеп жатқанын түсіндіруді талап етті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат бұл сұрақты Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа жолдады. Оның айтуынша, 2022 жылы Бас прокуратура заң бұзған бірқатар ЖСО-ға қатысты ұсыныс енгізгенімен, олар әлі күнге дейін жұмысын тоқтатпаған.

"Қазрі 2025 жыл – үш жыл өтті. Ал заң бұзған ЖСО-лар бостандықта жүр, осылай жүре бере ме?" – деп сұрады Базарбек.

Министр Ерлан Сәрсембаев бұл мәселеде соңғы шешімді тек сот қабылдайтынын айтты. Алайда депутат мұндай жауапқа қанағаттанбады.

"Үш жыл бойы қайда болдыңыздар? Міндетті түрде орындалуға тиіс ұсыныс Әділет министрлігіне жолданған болатын", – деді ол.

Сәрсембаевтың айтуынша, әділет органдары лицензиядан айыру мәселесін өз бетінше шеше алмайды:

"Әділет органдары тек ұсыныс енгізеді. Егер ұсыныс енгізілмесе, онда сол үшін жауапты тұлғалар жазаланады. Ал егер ұсыныс енгізіліп, бірақ сотта ЖСО тарапынан заңбұзушылық дәлелденбесе, онда бәріміз сот шешімдерінің орындалуға тиіс екенін мойындаймыз", – деп жауап берді министр.

2023 жылы Алматыда 51 ЖСО жауапкершілікке тартылған. Бұған 1000-нан астам борышкерге қатысты шара қолданбау деректері себеп болған.

Сонымен қатар, министрлік былтыр сот орындаушылары мен нотариустарға қатысты 40 мыңнан астам шағым түскенін хабарлаған болатын. Азаматтар нотариустардың атқарушылық жазбаны өз бетінше рәсімдеп, бұл туралы тек мүлікке тыйым салынғаннан кейін бір-ақ білгенін айтып шағымданған.

Халықтың наразылығын азайту үшін министрлік тапсырылған хаттарды SMS-хабарламаға және eGov-mobile қосымшасындағы push-хабарламаларға ауыстыруды ұйғарды. Онда іс туралы, нотариус пен сот орындаушысы туралы толық ақпарат беріледі.

Фото: instagram.com/mazhilis.kz

Байланысты жаналықтар

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

17.04.2025

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025

Ел шығысында екі азаматтығы бар 8 адам анықталды

09.04.2025
MalimBlocks
Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

Ел шығысында екі азаматтығы бар 8 адам анықталды