«Назарбаевтан кешірім сұрап, жазадан оңай құтылатын»: Мәжіліс депутаты Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді

Ескі Қазақстанда сот отырыстары жабық өтіп, кім нені қарап жатқаны, істі қалай саралап жатқан белгісіз болатын.

Берік Дәулетов

  • 10.05.2024

Қазақстанның сот жүйесі ауқымды өзгерісті бастан өткеріп жатыр. Білесіздер, дәл қазір бүкіл Қазақстан экс-министр Бишімбаев ісін қадағалап отыр. Неге?

Себебі іс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты. Бұл – бір. Ал аталған мәселе қоғамда ушығып тұр. Бұл туралы белгілі адвокат, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан өзінің facebook-парақшасында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Екінші, сот процесі ашық өтіп жатыр. Кез келген адам YouTube желісінен отырысты тамашалай алады. Тіпті, бұл іс ел ауқымынан шығып, Washington Post, Al Jazeera секілді алпауыт медиаларда айтылды.

Бұған дейін Парламент мінберінен бірнеше рет судьяларға, сот жүйесіне қатысты сын айтқан едім. Қазір ескі Қазақстанның сарқыншақтары жойылып,

Президент тапсырмасына сәйкес ашықтық қалыптасып келе жатқанына куә болып отырмыз, - деп жазды ол.

Абзал Құспанның пікірінше, бұл іс – бүкіл халықтың назарын аударған алғашқы сот отырысы.

Бишімбаев ісінің тікелей эфирден көрсетілуі халықтың құқықтық сауатын арттырады. Енді, азаматтар сот отырысы қалай өтетінін, қорғаушылардың міндетін, сот пен прокурордың қалай жұмыс істейтінін үйренеді. Мұның бәрі, әлбетте, оң өзгерістер. Ең бастысы – осы арқылы қоғамның сот жүйесіне, оның әділдігіне сенімі арта бастады. Ашық өткен процесте біреу-міреуді сатып алу мүмкін емес.

Бұл іс – бүкіл халықтың назарын аударған алғашқы сот отырысы. Алматыда автобус жүргізушісін ұрған адамға қатысты сот отырысы да тікелей эфирде көпшілікке көрсетілді. Сонымен қатар Қарағандыда жедел-жәрдем көлігі жүргізушісін ұрған адамға қатысты іс те онлайн көрсетілді, - деді адвокат.

Мәжіліс депутаты Бишімбаев Назарбаевқа жақын болғанын, бұған дейін кешірім сұрап, жазадан оңай құтылатынын айтты. Қазір бұлай жасау мүмкін емес. 

Ескі Қазақстанда сот отырыстары жабық өтіп, кім нені қарап жатқаны, істі қалай саралап жатқан белгісіз болатын. Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың сотталып, кейін босап шығуы да осы себепті еді. Кім Назарбаевқа жақын болды не кешірім сұрады, сол жазадан оңай құтылатын.

Қазір бұлай жасау мүмкін емес. Сот отырысын тікелей эфирден көрсету арқылы, оған алқабилерді қатыстыру арқылы сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп отыр. Әрине, бұл бағытта атқаратын жұмыс жетерлік. Сот жүйесіне, алқабилерге қатысты заң жобаларын әлі де жетілдіру керек. Бірақ ең бастысы, сең қозғалды. Енді оны тоқтату мүмкін емес! - деді Абзал Құспан.

Коллаж: Ulysmedia.kz 

Байланысты жаналықтар

"Бассыздық". Депутат Шу өзенінің арнасы бұрылып жатқанын мәлімдеді

02.04.2025

Дәулет Мұқаев іш киімдерін қалай жинайтынын көрсетемін деп сынға қалды

01.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Министр баяндама жасап жатқанда еgov.kz порталы істен шықты

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025
MalimBlocks
"Бассыздық". Депутат Шу өзенінің арнасы бұрылып жатқанын мәлімдеді

Дәулет Мұқаев іш киімдерін қалай жинайтынын көрсетемін деп сынға қалды

Ол заттардың жинақы тұрғанын құп көреді екен.

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Министр баяндама жасап жатқанда еgov.kz порталы істен шықты

еgov.kz порталының ішінде 1-сыныпқа балаларды қабылдау қызметі жойылып кетті. Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин ақауға қатысты пікір білдірді

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды