Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Білім және Ғылым

Диплом дауы

Абай Нұржанұлы Авторы: Абай Нұржанұлы
29.12.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылорда облысында университет бітірген 76 студент бір жылдан бері дипломдарын ала алмай жүр. Жоғары оқу орынының сырттай бөлімінде 3 жыл бойы ақылы білім алған түлектердің дипломдарын сот жарамсыз деп үкім шығарған. Үкім шықпас бұрын студенттер оқыған Шымкент аймақтық әлеуметтік-иновациялық университеті жабылып қалған. Жастар ақыр соңы дипломды да ала алмай, не төлеген ақымызды да қайтара алмай жүрміз деп ашынады.

2019 жылы Шымкент аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетін бітірсе де, әлі күнге дипломдарын ала алмай жүрген Қызылорда облысының бір топ тұрғыны бүгін сот ғимаратының алдына жиналды. Айтуларынша сырттай бөлімде оқып бітірген 166 түлекке былтыр дипломды сол кездегі оқу орынының деканы үйлеріне дейін әкеліп беру керек болған. Бірақ ол үшін біз сенім хат жазып бермеген едік дейді түлектер. Сондықтан дипломдарды әкеле жатқан университет қызметкерін Қызылорданың тұсында ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстаған екен.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері университеттің үстінен арыз жазғызды бізге. Сендердің дипломдарың жарамсыз, ең құрығанда ақшаларыңды қайтарып алыңдар деген еді. Бірақ ақша да алмадық, димломда жоқ», – деді Шымкент аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетінің бұрынғы студенті Гүлзат  ЕРМЕКБАЕВА.

Осы айдың 25-де қалалық соттың үкімімен қызылордалық 76 түлектің дипломы жарамсыз болыпты.

«Біз ректордан 90 дипломды сұрағанымызда, оларды егесіне бердік деді. Өз қалаларыңыздан сұраңыздар дипломдарыңызды деді. 76 диплом жарамсыз болып қалды. Ал 166 диплом ұсталса неге бәрі жарамсыз емес? Әділдік қайда?», –  дейді Шымкент аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетінің бұрынғы студенті Мая ШӨКЕНОВА.

Үкім шығарған судья сотта оқу орынының деканы серіктестерімен оқу процестеріне қатыспаған және емтихан тапсырмаған студенттерге жалған құжаттар дайындағаны дәлелденді дейді. Сондықтан түлектердің біреуінің де дипломының жарамайтынын айтады. Ал бұған қатысты университеттің деканы алаяқтығы үшін 2 жыл бас бостандығынан шектелген.

«Қызылорда облысының 76 тұрғынына ШАӘИ университетін оқып бітіргенін растайтын диплом бермекші болған. Бұл 76 адам не емтихан тапсырмаған. Не сабаққа қатыспаған. Бірақ осыған қарамастан бакалавр және магистр дәрежесін алып береміз деп жалған құжаттар дайындаған экс-декан Әлібаеваның қылмысы анықталды. Қасындағы үш серігінің де заңсыздықтары сотта әшкереленді», – деді судья Нұржан БЕКЕТАЕВ.

Судья сонымен қоса қалған 90 дипломға қатысты қылмыстық іс Шымкент қаласында тергеліп жатқанын айтады. Ал 3 жыл уақытымызды сарп еттік дегендер ең болмағанда төлеген оқу ақыларын қайтару үшін апеллияциялық сотқа  шағымданбақшы. Сотта түлектердің университетке ақша аударғаны расталған.

Фотолар автордікі.

Tags: Абай НұржанұлыСудья Нұржан БекетаевШымкент аймақтық әлеуметтік-иновациялық университеті

Ұқсас жазбалар

Ғалым Смағұл. Карикатура сөйлесін

Ғалым Смағұл. Карикатура сөйлесін

Авторы: malim
13.04.2021
0

Бұл контент АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды. Автор ақпараттың мазмұнына...

Амелия Эрхарт

Жоғалған ұшақтың жұмбағы. Аты аңызға айналған ұшқыш әйел Амелия Эрхарт туралы не білеміз?

Авторы: malim
12.04.2021
0

Амелияны батылдық пен батырлықтың  және өмірге құштарлық пен қайсарлықтың символы десек артық емес. Көздеген мақсатына жетпей қоймайтын жігерлілігі аңызға айналған аруды...

Ғылым Смағұл. КАРИКАТУРА СӨЙЛЕСІН

Ғалым Смағұл. Карикатура сөйлесін

Авторы: malim
09.04.2021
0

Бұл контент АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Автор ақпараттың мазмұнына...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тынымбай Нұрмағанбетов

Тынымбай Нұрмағанбетов мемлекеттік сыйлықтың иегері

08.12.2020

Нарынқолда қоныс той

24.11.2020

Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылады

17.03.2020

Пандемия босқындарға қалай әсер етті? Сарапшы пікірі

17.03.2021
Қайрат Жолдыбайұлы

Қайрат Жолдыбай: Сауап алу күнәға айналып кетіп жатыр (видео үндеу)

18.07.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!