Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

Абай Нұржанұлы

  • 13.01.2021

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жүздеген тұрғын мен бірнеше мұғалім мектеп директоры орынын босатсын деп наразылыққа шықты. Ата-аналар басшының кесірінен білім сапасы төмендеп кетті десе, мұғалімдер білім мекемесінде рушылдықтың элементтері де бар дейді.

Жаңақорғанға қарасты Шалқия ауылының бір топ тұрғындары №86 орта мектебінің директоры Фарида НИЯЗОВАНЫҢ қызметтен кетуін талап етеді. Күннің суықтығына, карантин тәртібіне қарамаған адамдар мектеп басшысы ұжымның берекесін кетіріп, салдарынан білім сапасы түсіп кеткен дейді.

«Мен баламды мектепке жібермеймін. Себебі білім жоқ. Өйткені баламның апайының өзі өз басымен әуре болып жүр. Ата-аналардың жартысын балаларын жібермей отыр. Мектеп директоры қызметінен кетпесе балаларымызды оқуға жібермейміз деп отырған ата-аналар да бар», - дейді Гүлжан ҚАМБАРБЕКОВА Мalim.kz сайтының тілшісіне.   

«Басшы деген ең әуелі білімді талап етуі керек қой. Бұларда қазір ондай талап қойып жатқан ешкім жоқ. Қарақан басы, тұрымтай тұсы, мұғалімдер үшке бөлінген. Біреуі директорды жақтайды, бірі үлкен мұғалімдер жаққа шығып алған», - дейді Гүлзейнеп АМАНБАЕВА есімді ата-ана.  

Жаңа оқу тоқсанында 9-11 сыныпта көп оқушының сабаққа келмей жүргенін педагогтар да растайды. Мұғалімдердің айтуынша директор ұжымдағыларды бөліп-жарып, сабақ беру процессіне әсер еткен. Одан қалды мектеп қызметкерлері директордың тапсырамсымен бір-бірін аңдуға көшкен дейді.

«Білім саласының шалалығынан ғой наразылық. Білімді қойған, қазір бәрі бірін-бірі аңдып кеткен. Несін сұрай бересіздер? Біз қазір екі адам жолығып сөйлсеуге қорқамыз. Өйткені аңдып жүрген бір адам. Бізді есіктің алдынан аңдып отыратын вахтерлардың бәрі басшымыздың сіңілілері. Сыртымыздан суретке түсіреді. Бірде-бір ата-ана мұнда кіре алмайды. Бәрі арпылдап шыға келеді. Мұғалімдердің қатты қысым көріп жатқаны рас. Қысым сол рушылдық, ұжымды бөлу.Жеке өміріне де араласады», - дейді №86 орта мектеп директорының орынбасары Баян ТӨЛТАЕВА.

Жиналған адамдардың арасныда талабымызды мектеп басшысына айтамыз деп білім ордасының ғимаратына баса көктеп кірді. «Директор кетсін» деп айғайлай бастады.

Шалқия ауылындағы мектепке бірнеше жыл бұрын басшы болып келген директор шағымданушылардың талаптары негізсіз дейді. Айтуынша ол осы уақыт аралығында білім ұясы үшін қаншама тер төгіпті. Ал ұжымның қырық-пышақ болып бөлінуіне мұғалімдердің өзін кінәлі деп санайды.

«Менен заңбұзушылық болса, мені басшыларым бұл жерге отырғызып қоймас еді ғой. Мен тек заң аясында ғана жұмыс жасаймын. Және заңды әрекет жасаған соң соған мұғалімдер көндіккісі келмейтін сияқты», - дейді  №86 орта мектебінің директоры Фарида Ниязова.

Аудандық білім бөлімі мектеп ғимаратына жазда жасалған жөндеу кезіндегі кемшіліктерге  байланысты ғана директорға тәртіптік шара қолданбақшы. Басқа жұмыстарына көңіліміз толады дейді.

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

26.01.2021

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

20.01.2021

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

15.01.2021

Диплом дауы

29.12.2020

«Қызылордада ауырмаған дәрігерлер өтемақы алып кетті»

10.12.2020
MalimBlocks
Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

Диплом дауы

«Қызылордада ауырмаған дәрігерлер өтемақы алып кетті»