Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Абай-175

Абай. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…

malim Авторы: malim
06.01.2021
Share on FacebookShare on Twitter

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртым.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде  ұйқың.

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

 

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,

Оның да алған жоқ па Құдай құлқын.

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.

Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,

Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,

Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.

Ұғындырар кісіге кез келгенде,

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?

Tags: АбайҚалың елім қазағым қайран жұртым

Ұқсас жазбалар

Абай. Ғылым таппай мақтанба

Авторы: malim
08.01.2021
0

Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам...

Абай. Интернатта оқып жүр

Авторы: malim
08.01.2021
0

Интернатта оқып жүр Талай қазақ баласы – Жаңа өспірім, көкөрім, Бейне қолдың саласы. Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасы, Ойында...

Абай. Базарға, қарап тұрсам, әркім барар…

Авторы: malim
08.01.2021
0

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар. Біреу астық алады, біреу – маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«АБАЙ БОЛМАҒАН» ДЕГЕН НЕ СҰМДЫҚ!  

23.07.2020

“СҚ-Фармация” басшысы Собчакпен қай тойда болды?

07.08.2020
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл

Депутат: Шабалаңдамай, келгеніме рахмет айт!

06.06.2020
Нұрғиса Тілендиев

Солақайға күй бітсе…

02.04.2021

Билік Жәкішевті босатты

19.03.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!