Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ ұлттық опера және балет театры 91 маусымын бастады

Мәдениет
Қазақ ұлттық опера және балет театры 91 маусымын бастады

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90 маусымын тарих бетіне өрнектеп, 91 маусымын бастап кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, театрдың қос мерейтойы – қара шаңырақтың 90 жылдығы мен Ахмет Жұбанов-Латиф Хамидидің «Абай» опералық спектаклінің 80 жылдығы тұспа-тұс келген маусым, естен кетпес мереке сыйлаған.

Көрермен арасынан ұлтымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыздары КСРО Халық әртісі және Мемлекеттік сыйлық иегері Бибігүл Төлегенова, Қазақ КСР Халық әртісі және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Раушан Байсейітова, Қазақстан және Татарстан Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және басқа опера мен балет майталмандары, Қазақстандағы дипломатиялық елшіліктердің қадірлі өкілдері табылды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры осылайша өзінің «Ғасыр алдындағы жаңа белесін» – 91-ші маусымын бастап кетті.

Фото: скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу