Үкіметтік емес ұйымдарды заңсыз соттап жатыр

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 19.01.2021

Қаңтардың 18-і күні Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты «Еркіндік қанаты» қоғамдық ұйымына «салық есебін уақытында көрсетпеді» деген айыппен 277 мың теңге айыппұл салды. Ұйым жетекшісі Елена Швецова үкіметтік емес ұйымдарға жасалып жатқан салықтық тексерістердің "саяси астары бар" деп мәлімдеді. Бұған дейін «Эхо» қоғамдық бірлестігіне де сот шешімі бойынша 200 АЕК (583 теңге) көлемінде айыппұл салынып, 3 айға жұмысы тоқтатылған.

Салық инспекциясының тексеруіне ұшыраған «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымының жетекшісі Амангелді Шорманбаевтың сөзінше, тексерулердің барлығы заңсыз және парламент сайлауымен тікелей байланысты.

«Бұл (салықтық тексерулер-ред) тікелей сайлаумен байланысты. Бұдан бөлек, бұған басқа елдерде, атап айтқанда, Беларусьте болып жатқан жағдайлар себеп болған шығар... Бұл толығымен заңсыз. Себебі бұл 2018 жылы болған нәрсе және бұл салықтан жалтару емес. Біз қандай салық бар, барлығын төлеп жатырмыз. Ол кезде ережелер жиі өзгеретін. 2018 жылға дейін басқа ереже, одан кейін басқа ереже болды. Бұл осы ережелер ауысқан уақытта болған қателер. Ол жалған ақпарат емес, жай ғана қате. Осыны пайдаланып, бізге үлкен-үлкен айыппұлдар салып, қызметімізді тоқтатып тастау мақсатында жасалып жатыр бұл. Бұның барлығы тек қана саяси мақсаттармен жасалады. Егер айыппұл саламыз десе, 2018 жылдан бері қайда қарап жүр?», - дейді Шорманбаев.

2020 жылдың қараша айында (қаңтардың 10-ы күні өткен парламент сайлауы қарсаңында) Қазақстан бойынша "Еркіндік қанаты", "Халықаралық құқықтық бастама", "MediaNet" халықаралық журналистика орталығы, "Құқықтық медиа орталық", "Эхо", "Кадір қасиет", «Қазақстандағы адам құқығы бюросы» сияқты 7 ұйымға салық инспекциясы тексеріс жүргізген. Салық органдары үкіметтік емес ұйымдарды «салық заңнамасын бұзды» деп айыптаған.

Байланысты жаналықтар

Мы думали, что выборы пройдут по-другому – фонд «Еркіндік қанаты»

22.11.2022

"Бекетаев, тәуелсіз заңгерлерден қолыңды тарт"

23.02.2021
MalimBlocks
Мы думали, что выборы пройдут по-другому – фонд «Еркіндік қанаты»

В фонде «Еркіндік қанаты» сообщили об удалении 11 наблюдателей в день выборов с 13 избирательных участков. Восемь из них в Астане, два – в Туркестанской области и еще один в Алматы. Наблюдатели рассказали, какие нарушения были замечены ими в ходе выборов в разных регионах страны.

"Бекетаев, тәуелсіз заңгерлерден қолыңды тарт"