"Бекетаев, тәуелсіз заңгерлерден қолыңды тарт"

Malim Админ

  • 23.02.2021

Алматыда құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев жалғыз адамдық пикет өткізді.

«Халықаралық құқықтық бастама» қорының жетекшісі Амангелді Шорманбаев Алматы қалалық әділет департаменті ғимаратының алдында рұқсат етілген жалғыз адамдық пикетке шықты. Ол сенатта қаралып жатқан «Адвокат қызметі және заңгерлік көмек» туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды алып тастауды талап етті. Шорманбаевтың сөзінше, заңгерлер мен адвокаттардың қызметін реттеуге бағытталған түзетулер оларды мемлекетке бағынышты етеді.

«Заң жобасы бойынша жоғары құрылым – республикалық адвокаттар алқасы мен заң жөнінде кеңесшілердің республикалық палатасы құрылады. Біздің ойымызша, бұл құрылымдар төмендегі адвокаттық кеңселер мен адвокаттар және заңгерлер палатасын тәуелсіздіктен толық айыруды көздейді. Олар нені ұсынады? «Адвокат және заң қызметін жетілдіреміз» деген желеумен түрлі жарна енгізіп, қандай да бір ақпарат жүйелерін, деректер қорын тықпалап жатыр, оны пайдаланып, сол үшін ақша төлеу де міндетті болады», - деді құқық қорғаушы.

Шорманбаев сөзінше, билік 30 жылдан бері тәуелсіз салаларды мемлекеттендіру процесі жүруде. Енді ол тәуелсіз адвокаттар саласына да келген.

«Мемлекет әділет саласын мемлекеттендірмек. Ұзақ уақыт бойы заңгерлер мен адвокаттар тәуелсіз болып келді. Көптеген адамдар заңгерлер тәуелсіз болғанның арқасында көмек алды. Әділет министрлігі бірнеше жылдан бері «заңгерлер мен адвокаттардың жұмысын реттеуді» желеу етіп, тәуелсіз адвокаттықтың көзін жоюда. Заңгерлерді мемлекетке бағынышты етумен айналысуда... Қандай да бір тәуелсіз саланы мемлекеттендіру процесі 30 жылдан бері жалғасып келеді», - деді Шорманбаев.

Бұдан бөлек, Амангелді Шорманбаев заңгерлердің заң жобасын кері қайтару үшін күш салатынын айтып, президент пен парламент сенатына, БҰҰ-ның құқық қорғаушыларды қорғау, заңгерлерді қорғау және т.б арнайы үндеу жолдайтындарын мәлімдеді.

Байланысты жаналықтар

"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

31.03.2025

Голан жотасында жүрген Қазақстан бітімгерлеріне БҰҰ қанша ақша төлейді

12.02.2025

Америкадан кейін Израиль БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығатынын мәлімдеді. БҰҰ-ның тағдыры не болады?

06.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

S.O.S.: ғаламдық ашаршылық үдеп барады

25.12.2024

БҰҰ-ның пластмасса өндірісін шектеу келіссөзі нәтижесіз аяқталды

02.12.2024
MalimBlocks
"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Голан жотасында жүрген Қазақстан бітімгерлеріне БҰҰ қанша ақша төлейді

Америкадан кейін Израиль БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығатынын мәлімдеді. БҰҰ-ның тағдыры не болады?

БҰҰ ыдыраудың алдында тұр. Әлемде жаңа тәртіп орнауы мүмкін.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

S.O.S.: ғаламдық ашаршылық үдеп барады

БҰҰ-ның пластмасса өндірісін шектеу келіссөзі нәтижесіз аяқталды

«Кешіккен әрбір күн – адамзатқа қарсы күн. Келіссөздерді кейінге қалдыру дағдарысты кейінге қалдырмайды»