457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үкіметтік емес ұйымдардың маңызы артып келеді

Өмірдегі барлық жағдайлардың алдын алатын заң шығара беру мүмкін емес. Біз күнде тұрмыстық деңгейдегі сан-алуан мәселелермен ұшырасып жатамыз.

Мұндай мәселелерді реттеуде азаматтық бастамалардың рөлі айтарлықтай. Проблеманы бюрократиялық шырғалаңға салмай, жергілікті деңгейде шеше салуға болатынын азаматтық бастамалар институты көрсетіп жүр.

Бүгінде қазақстандық азаматтық бастамалар қоршаған ортаны қорғаудан бастап, аутизммен ауыратын балаларға жағдай жасауға дейінгі тақырыптарды қозғайды. Соңғы жылдары кейбір қоғамдық мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдардың сараптамалары жоғары сапасымен көзге түсіп жүр.

Бұған қоса, ҮЕҰ тиімділігі де аталып отыр. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтың айтуынша, қазір үкіметтік емес ұйымдар бұрынғы «шолақ белсенділерді», яғни, министрліктер жанындағы мүдделері қилы жасанды топтарды ауыстырды. Қазір ҮЕҰ жетекшілері ұсақ-түйек кикілжіңдермен өзінің абыройын түсіргісі келмейді. Нәтижесінде – талаптары нақты, мақсаты айқын ұйымдар пайда болды, ендеше, өзекті мәселені шешуді тез қолға алуға барлық жағдай бар.

Сонымен бірге, Мұрат Әбенов үкіметтік емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлін атап өтті. Себебі, сыбайлас жемқорлық туралы қатардағы азаматтық мәлімдеуі басқа да, ұйым өкілінің мәлімдеуі басқа. Ұйым атынан сөйлейтін болғасын, барлық дәйектерін мұқият дайындап, әбден тексереді. Мұндай жағдайда сыбайлас жемқорлық немесе соған тәуекелдер туралы мәлімдеменің салмағы да болады.

Еліміздегі азаматтық бастамаларды үйлестіретін - Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымы. 2005 жылы құрылған бұл ұйым бүгінде еліміңздегі 5000-нан астам коммерциялық емес ұйымды үйлестіріп отыр.

 

Photo: gov.kz