Амнистия: Талғат Ермегияев пен жемқорлар түрмеден ерте босап шыға ма?

Руслан ЕРБОТА

  • 02.02.2021

Ішкі істер министрілгі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылық (амнистия)»  заңының жобасы әзірленгенін хабарлады. Амнистия заңы қабылданса (оның қабылданбасына еш күмән жоқ), мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін орта деңгейлі қылмыс жасаған қылмыскерлердің жазасы кешіріледі, не жеңілдейді. Сондай-ақ, сот үкімі шықпаған, тергеуде жатқан күдіктілер де осы заңның шапағатымен босап кетпек. Заң қабылданған соң 3-4 мың сотталушы бостандыққа шықпақ. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде рақымшылық осымен 8-ші мәрте жүіп жатыр. Өткен жеті амнистия науқанында 12 мыңнан астам жазықтының қылмысы жеңілдеген, ал бостандыққа 54 мың адам ерте босап шыққан.  Әрине, олардың арасында экс-шенеуніктер де болды. Содан кеп, ел ішінде сыбайлас жемқорлық жүйеде сотталған шенеунік түрмеден бәрібір ерте шығып алады деген түсінік қалыптасты.

Дегенмен, бұл жолғы рақымшылық науқаны жемқорлықпен істі болғандарға жүре ме? Сұрақты бұлай қоюмыздың себебі, 2020 жылдың шілде айында өткен Жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы заң түрінде жазылған жоқ. Бірақ, Ішкі істер министрлігі дайындаған рақымшылық заңының жобасы ескі де жаңа парламентке барғанда ескі де жаңа депутаттар президенттің әлгі тапсырмасын естен шығармас. Ал егер ондай тапсырманың бар екенін ұмытып қалса, онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың бір жылғы еңбегі де еш кетуі мүмкін. Мәселен, агенттік төрағасы жақында ғана өткен алқа отырысында 2020 жылы түрлі дәрежедегі 210 басшының қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айтты.

«722 адам сотталды, оның ішінде бір облыс әкімі, төрт облыс әкімінің орынбасары, екі жауапты хатшы, екі комитет төрағасы, бір елші, бес судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасары бар. Бес вице-министрге, бес комитет төрағасы мен олардың орынбасарына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың бес топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр», – деген еді сонда Алик Шпекбаев.

Енді міне, көрдіңіздер ме, Алик Шпекбаев қуып жүріп ұстаған дөкейлер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына рақмет айтып, жазадан құтылып, не онысын жеңілдетіп алуы мүмкін.

Айтпақшы, «аса ірі көлемде пара алды» және және «өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді» деген айыппен 2016 жылы 14 жылға сотталып кеткен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев бұл амнистиядан не үміт күтер екен?

 

Байланысты жаналықтар

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

10.04.2024

Кредиті кешірілген азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр

06.03.2024

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

14.07.2023

Бес министр отставкаға кете ме?

29.01.2021

Білім мен ғылым жолы – адал жол

13.11.2020

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

11.11.2020
MalimBlocks
Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

Нәтижесінде оның бағасы 3200 теңгеге төмендетілген.

Кредиті кешірілген азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр

Тіпті кейбірінде проблемалы кредит те бар.

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

Қазақстанда 2022 жылы 1,7 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 725 адам сотталған.

Бес министр отставкаға кете ме?

Білім мен ғылым жолы – адал жол

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?