457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін

Қуандық Бишімбаевтың азаматтық жұбайын ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталғаны белгілі. Ал оның немере інісі Бақытжан Байжанов амнистия аясында мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады.

Құжатта кімдерге рақымшылық жасалатыны және қандай қылмыстар амнистияға жатпайтыны нақты көрсетілген.

Атап айтқанда, заңның 4-бабында рақымшылық қолданылмайтын санаттар анық жазылған.

Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада Бишімбаевтың азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенова аса қатыгездікпен өлтірілді. 2024 жылғы мамырда бұрынғы ұлттық экономика министрі оны азаптап, өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы оқиға кезінде оның туысы Бақытжан Байжанов та қылмысты жасыру бабы бойынша (ҚК 432-бап) 4 жылға сотталған болатын. Ал заңға сәйкес, бұл бап бойынша амнистияға өтініш беруге болады.

Фото: видеодан кадр