Долинка түрмесінде сотталушылардың зорланғаны хабарланды

Malim Админ

  • 18.02.2021

Қарағанды облысында түрме қызметкерлері жазасын өтеушілерді зорлаған. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Елена Семенова хабарлады.

Елена Семенова сотталушылардың бірі Құбиев Сұлтанбектің ағасы Е. Құбиевтың мәлімдемесін мысалға келтіреді. Онда Қарағанды облысындағы АК 159/6 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Құбиев Сұлтанбекке түрме қызметкерлері физикалық және моральдық зорлық-зомбылық көрсеткені жөнінде айтылған.

«Сізден сотталушы 1980 жылы туған Құбиев Сұлтанбек Серікұлына физикалық және моральдық зорлық-зомбылық жасаған Қарағанды облысы, Долинка ауылында орналасқан АК 159/6 түрмесінің әкімшілігіне шара қолдануыңызды сұраймын. Бұл мәселені сотталушының өзі телефон арқылы жеткізді. Колония қызметкерлері ПК-73-пен  (полиция дубинкасы, резінке таяқ – ред) зорлаған. Бұл алғашқы шағым емес» , - делінген құқық қорғаушы жариялаған мәлімдемелердің бірінде.

Бұдан бөлек, Семенова Дмитрий Цергибель және Олжас Ибрагимов есімді екі сотталушының аналары жазған мәлімдемені жариялады. Ол жерде ақпанның 16-ынан 17-іне қараған түні түрмеде екі адамның зорланғаны жөнінде айтылған.

«Ұлым түрмеден 2021 жылдың 16 ақпанында түстен кейін хабарласты. Ол сотталушы Ибрагимов Азамат және Ковалев Николай түрме әкімшілігімен бірге зорлықпен айналысып жатқанын айтып үлгерді. 2021 жылы ақпанның 16-ынан 17-іне қараған түні екі бала зорланған. Олар менің ұлыма қоқан-лоқы көрсетіп, келесі түні, яғни ақпанның 17-інен 18-іне қараған түні оны дәл осындай оқиға күтіп тұрғанын айтқан. Яғние ана жігіттерді зорлағандай, зорлаймыз деген. Осыдан кейін телефон байланысы үзіліп кетті», - дейді Олга Шишова (сотталушы Дмитрий Цергибельдің анасы) мәлімдемесінде.

КазТАГ басылымының аталмыш жағдайға байланысты жіберген хатына Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жауап бере келе, АК 159/6 түзету мекемесінде сотталушы Құбиев. С.Б, Цергибель. Д.А және Ибрагимов. О.К-ға қатысты ешқандай заң бұзушылықтар болмағанын, арнайы тексеру барысында аталмыш азаматтардың денесінен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын айтқан.

Бірақ құқық қорғаушы Елена Семенова ресми жауапқа емес, сотталушылардың туған-туыстарына сенетінін айтады. Оның сөзінше, Қазақстан түрмелері қандай жағдайда екенін барлығы біледі.

«Жағдай мәз емес, сіздер шара қолдану үшін не істеу керек? Мен сотталушылардың аналарына, туыстарына сенемін. Бұндай жағдайды ойдан құрастыра алмайсың», - дейді Семенова

Байланысты жаналықтар

Соққыға жығылған жігіт өз-өзіне қол салды

14.09.2021

Қытайға заңсыз темір рудасын сатқандар анықталды

04.02.2021

Қарағандылық судья 9 жылға сотталды

10.08.2021

Қазақстан әр балаға 20 теңгеден береді

Теміртауда полиция қызметкерлері ұсталды

25.02.2020

Көпбалалы ана сотта тағы жеңілді

25.02.2020
MalimBlocks
Соққыға жығылған жігіт өз-өзіне қол салды

Қытайға заңсыз темір рудасын сатқандар анықталды

Қарағандылық судья 9 жылға сотталды

Қазақстан әр балаға 20 теңгеден береді

Теміртауда полиция қызметкерлері ұсталды

Көпбалалы ана сотта тағы жеңілді