457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тағы бір қазақстандық актер дүниеден өтті

Тарихи "Қазақ хандығы" киноэпопеясында Керей ханның рөлін сомдаған актер Қайрат Кемалов 69 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Instagram парақшасына сілтеме жасап.

"Ол бүкіл саналы ғұмырын театр саласына арнады. Қайрат Кемаловтың өнердегі мансабы Қарағандыда басталған еді. Оның өнердегі жетістіктері халықаралық дәрежеде жоғары  бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Ол түрлі тарихи образдарды сомдауда актерлік шеберлігімен көріне білді. Шығармашылық жолында ол көрермендерге классикадан бастап заманауи қойылымдарға дейін жүздеген рөлдерді сыйлады. Ол шеберлігі, мамандыққа деген үлкен адалдығы арқасында отандық театр және кино тарихында терең із қалдырды. Қайрат Кемаловтың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттері мен достарының, көрермендердің жүрегінде мәңгі қалады" – деп жазды әкім.

Қайрат Кемалов 1957 жылы 8 қаңтарда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында дүниеге келген.

Актер «Парасат» орденімен, «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильміндегі Керей хан рөлі үшін «Тұлпар» кинопремиясының «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясымен және «Аманат» ұлттық сыйлығымен марапатталған.

Фото: instagram/ermaganbetbulekpaev