457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қарағанды облысында 100-ден астам мал қырылып қалды

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысының Долинка елді мекенінде қой-ешкілердің жаппай қырылғанын көрсететін видео тарап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz агенттігі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 15 шілдеге қараған түні жайылымда жүрген 100-ден астам қой өліп қалған. Тұрғындар жануарлардың өлекселері жайылымда жатқанын айтты.

Ауыл тұрғындары малдың улануы мүмкін екенін болжайды.

Қарағанды облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, бұл оқиға расымен тіркелген.

«Жануарлар бір орыннан су ішкен. Алдын ала болжам бойынша, олар уланудан қырылған болуы мүмкін. Қазір зертханалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Қырылу себебі нақты зерттеу нәтижелері шыққан соң белгілі болады. Эпизоотиялық жағдай тұрақты, қауіпті инфекциялар тіркелмеген. Мамандар уланудың нақты себебін анықтап, осындай жағдайлардың алдын алу жұмысын жалғастырып жатыр», – делінген басқарма хабарламасында.

Фото: pixabay