Елге көшіп келгендерден көшіп кеткендер көп (Инфографика)

Malim Админ

  • 23.02.2021

Елімізде 2014 жылдан бастап елге көшіп келгендерден көшіп кеткендер көп. Былтыр пандемияға қарамастан елімізге 11 443 адам көшіп келсе, 29 100 адам көшіп кеткен. Оның алдыңғы жылы көшіп келушілер 12 255 адам болса, одан үш есеге жуық көп халық – 45 225 адам көшіп кеткен.

Біз статистика агенттігі сайтындағы мәліметтерге сүйеніп, соңғы он жылда елімізге көшіп келушілер мен көшіп кетушілер санын көрсететін инфографика әзірледік.

Көріп отырғаныңыздай, 2010 және 2011 жылдары ғана Қазақстанға көшіп кетушілерден көшіп келушілер көп болған. 2012, 2013 жылдары кетушілер мен келушілер саны арасында азғантай айырма болған. 2014 жылдан бастап елден кетушілер көбейе берген.

Қазақстанға көшіп келушілерден көшіп кетушілерден неліктен көп екенін әлеуметтанушылар мен қоғамдық пікірді бақылайтын институттар зерттеуі тиіс.

MalimBlocks
Пандемия босқындарға қалай әсер етті? Сарапшы пікірі