Әнші Нұрболат Абдуллинның әкесі қайтыс болды

Malim Админ

  • 30.03.2021

Әнші, эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллинның әкесі қайтыс болды. Бұл қаралы хабарды айтыскер ақын Мұхтар Ниязов инстаграм парақшасында жазды.

"Әкенің ең жақсы жездедей емес" негізі " жезденің ең жақсы әкедей" шығар түбірі. Әйтпесе қазақ " алпыс апаң ана болмайды, жетпіс жездең әке болмайды" демес еді ғой. Бүгін бір суық хабар келді. Қазақтың бір бойы, сойы, ақылы, парасаты келіскен сері жігіттерінің бірі @nurbullin бауырымыздың әкесі өмірден өтіпті. Мына видеода Нұрболаттың әкесі өмірде бар, бірақ бауырымыздың көңілі босап бәрібір егіліп тұр. Алла ақыр жайын хайырлы етсін, иманы жолдас болсын, Нұрболат! Қайғыңа ортақпыз!» деп жазды айтыскер.

Әншінің отбасына қайғырып көңіл айтамыз.

https://www.youtube.com/watch?v=5qv6Ze3VIuo

MalimBlocks
Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады