Коронавирус: Қолыңды жумасаң, бәрі бекер

Malim Админ

  • 04.03.2020

Коронавирустан сақтану үшін маска тағудан бұрын жеке бас тазалығын сақтау керек. Ал медициналық маска ауруға шалдыққан адам мен дәрігерге ғана қажет. Қарапайым осы қағиданы айту үшін дәрігерлер бүгін астанада арнайы брифинг өткізді.

«Коронавирус ауада ұшып жұғатын ауру емес. Ал медициналық маска ауру адам түшкірген кезде сілекейін шашпауы үшін және науқастармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге керек. Егер ауырған, түшкірген адамға өте жақын тұрсаңыз, медициналық масканың еш көмегі жоқ. Әрине, масканы коронавирус инфекциясын алдын алу үшін қолдануға болады. Оңтүстік Кореяда дүкенде кезекте тұрғандар медициналық маска таққанымен, халық көп, иық тіресіп әрең тұр.  Осыдан кеп ауру асқынып тұр. Халық тығыз жерде вирус  тез тарайды, жылдам жұғады. Осыны ескеру керек. Видеодан көріп алып, маска сатып алуға жүгіргенше жеке бас тазалығын сақтау керек. Коронавирусы 60-70 градус ыстықта бірден өледі, сондықтан, шикі азық-түліктен бас тартып, жеміс-жидекті ыстық сумен жуып алып, қолды үнемі тазалап жуу қажет», ­- деді Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Динагүл Баешова.

Айта кетерлігі қазір еліміздегі дәріханалардан жұрт жаппай медициналық маска сатып алып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл дүрбелеңді алыпсатарлар әдейі ұйымдастырып, маска саудасын қыздырып жатыр деп түсіндірді.

Байланысты жаналықтар

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

09.09.2021

Тағы екі адамнан коронавирус табылды

15.03.2020

50 мың теңгелік бір реттік көмекті кімдер алады?

13.10.2020

Ковид және вирусты пневмониямен ауырғандар оңалту қызметін ала алады

06.11.2020

Студенттер онлайн оқуға қарсы

16.09.2020

Цой: Алматы, Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе облысында "британдық" штамм анықталды

30.03.2021
MalimBlocks
Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

Тағы екі адамнан коронавирус табылды

50 мың теңгелік бір реттік көмекті кімдер алады?

Ковид және вирусты пневмониямен ауырғандар оңалту қызметін ала алады

Студенттер онлайн оқуға қарсы

Цой: Алматы, Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе облысында "британдық" штамм анықталды